Ол күнде қазақтың қажетi һәм кемшiлiгi қай жағынан болса да көп, солардың арасында ең бiрiншi – жер мәселесі. Біз бұл туралы мұнан бұрын жазған жоқ едік. Жазбағанда, ұмытып кеткендіктен, йаки керексіз деп білгендіктен емес, һәркім жер деген сөздi жеңіл түсініп жүрген секілді. Бұл терең ойлап, тексере қарайтын іс. Бұл күнде һәркім өз істеген ісін ұнатып жүр. Қала салғандар қала болуды, қала бол- мағандар көшпелілікті мақтап жүр. Көлденең ақылшылар жай ақылға салып қала болған жұрт қандай, болмаған жұрт қандай, қазақ қала болмаса, бар жақсы жерінен айырылып қалды. Сондықтан осы күні өздері жер кестіріп, қала болу керек деді. Осы айтқандардың бірі де қазақ жері турасында толымды дәлел келтіріп, қазақтың халін һәм жерінің жайын жете білгендігін көрсеткен жоқ. Екі жылдан бері «Айқап» жорналы қазақ қала болу керек деп жазды. Қала болған қазақ оған қарап қала болған жоқ. Болмаған жұрт артық қобалжыған жоқ. Егер біздің газетамыз әлгі айтылған екі ақылдың бірін айтқанда, қазақтын сүттей ұйып тыңдай қойыуына біздің де көзіміз жетпей- ді. Сөйтсе де iстiң асылын түсіндіру, түйінін шешу бір басқа, сол түсіндірген нәрсені орындау басқа. Бiздiң мақсұтымыз, жер хақындағы ойымызды бастан-айақ түгел байандап жазбақ һәм жазылған сөздi бекiтетiн толымды дәлелдер көрсетпек. Біздің жер хақында жазуға асықпай жатқанымыз да сол, оқушыларымыз- дың есінде болсын. Басқарма.
«Қазақ» газеті, №10. 12 апірел 1913.