1872 жылғы 5 қыркүйек
|
Торғай уезі Тосын болысы 5-ауылдың Сарытүбек қонысында туды
|
1886 жыл
|
Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ училищесіне оқуға түсті
|
1891 жыл
|
Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ училищесін бітірді
|
1891 жыл
|
Орынбор қазақ мұғалімдер мектебіне оқуға түсті
|
1895 жыл
|
Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітірді
|
1895 жыл
|
«Тургайская газетада» тұңғыш мақаласы «Киргизские приметы и пословицы» жарияланды
|
1895 жылғы 1 маусым
|
Ақтөбе уезі Бестамақ болысы Арынғазы мектебінің мұғалімі
|
1896 жыл
|
«Тургайская газетада» «Бестамакская волость Актюбинского уезда» мақаласы жарияланды
|
1896 жыл
|
Ақтөбе уезі Қарабұтақ 2 сыныптық орыс-қазақ училищесінің мұғалімі
|
1896 жылғы 29 мамыр
|
«Тургайская газетада» «Қарабұтақ» мақаласы жарияланды
|
1897 жыл
|
Қостанай уезі Аманқарағай болысы 2-ауылдағы Әулиекөл болыстық мектебінің мұғалімі
|
1899 жыл
|
Қостанай уезі Меңдіқара болыстық мектебінің мұғалімі
|
1902 жыл
|
Қостанай педагогикалық сыныбының мұғалімі
|
1902 жылғы 1 мамыр
|
Ақмола, Семей облысы халық мектептері директорының ісжүргізушісі
|
1904 жылғы көктем
|
Қарқаралы 2 сыныптық мектебінің меңгерушісі
|
1905 жылғы 26 маусым
|
«Қарқаралы құзырхатын» ұйымдастырушылардың бірі
|
1908 жыл
|
Айыпталып Қарқаралы, содан кейін Семей абақтысына қамалды
|
1909 жыл
|
Петерборда тұңғыш кітабы «Қырық мысал» жинағы жарық көрді
|
1909 жылғы 17 қараша
|
А.Байтұрсынұлын Семей абақтысынан босату жөнінде Мемлекеттік Дума депутаты Н.Скалозубов Ішкі істер министріне хат жазды
|
1910 жыл
|
Қазақстанда тұру құқығы шектеліп, Орынборға келді
|
1911 жыл
|
Орынборда «Маса» жинағы жарық көрді
|
1912 жыл
|
Орынборда «Оқу құралы. Бірінші кітап. Қазақша алифба Балаларға арналған әліппе» жарық көрді
|
1913 жыл
|
Қазанда «Оқу құралы. Екінші кітап. Алифбаға жалғасты» жарық көрді
|
1913 жыл
|
Орынбор губернаторы қазақ тілінде газет ашу үшін А.Байтұрсынұлына рұқсат куәлігін берді
|
1913 жылғы 2 ақпан
|
Орынборда «Қазақ» газетін М.Дулатовпен бірге шығарып, бас редакторы болды
|
1913 жыл
|
«Қазақ» газетінде сиез ашу мәселесін көтерген Ж.Сейдалиннің мақаласына «Жауап хаты» жарияланды
|
1914 жылғы мамыр
|
«Қазақ» газетінің редакторлығын уақытша М.Дулатовқа тапсырып, Торғайға барды
|
1914 жыл
|
Орынборда «Тіл – құрал. Қазақ тілінің сарфы. 1-інші жылдық» жарық көрді
|
1914 жыл
|
Орынборда «Тіл – құрал. 2-інші жылдық. Этимология (Сөздің жүйесі мен түрлері)» жарық көрді
|
1914 жыл
|
Орынборда «Қазақша әліппе» кітабы жарық көрді
|
1915 жыл
|
Орынборда «Оқу құралы» кітабының 2-ші басылымы жарық көрді
|
1916 жыл
|
Орынборда «Оқу құралы». 1-інші жылдық кітабының екінші басылымы жарық көрді
|
1916 жылғы 3 ақпан
|
Қазақ жігіттерін әскерге алу бойынша Ә.Бөкейхан, Н.Бегімбетовпен бірге Петерборға барды
|
1916 жылғы мамыр
|
Торғайда болды
|
1916 жыл
|
Ә.Бөкейхан, М.Дулатовпен бірге 1916 жылғы оқиғаға арналған «Алаш азаматтары», «Қазақ жұртына», «Қазаққа ашық хат» мақалалары жарық көрді
|
1916 жылғы тамыз
|
Торғай, Орал, Ақмола, Жетісу облыстары өкілдерінің Орынбордағы кеңесін ұйымдастырушылардың бірі
|
1917 жылғы 17 наурыз
|
Торғай облысы азаматтық комитетінің мүшесі
|
1917 жылғы 2-8 сәуір
|
Торғай облысы І қазақ сиезін ұйымдастырушылардың бірі, төрағасы. Жалпы қазақ сиезін құру жөніндегі бюро мүшесі
|
1917 жылғы 11 маусым
|
«Қазақ» газетінде Алаш зиялыларымен бірге Қытайға босқан қырғыздарға көмек көрсетуге шақырған «Алаш азаматтары» үндеуіне және «Шура-и-Ислам» ұйымының құрылғандығы жөніндегі мақалаға қол қойды
|
1917 жылғы 4 шілде
|
Жалпы қазақ сиезін өткізу бюросының атынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылды
|
1917 жылғы 21-26 шілде
|
І Жалпықазақ сиезін ұйымдастырушылардың бірі, төрағаның орынбасары
|
1917 жылғы 8 тамыз
|
Торғай облыстық управасының мәжілісінің төрағасы
|
1917 жылғы 20-25 тамыз
|
Торғай облысы ІІ қазақ сиезінің қаулысымен Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа тағы да ұсынылды.
|
1917 жылғы 19 қазан
|
«Алаш» партиясы атынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа үшінші рет ұсынылды.
|
1917 жылғы 21 қазан
|
«Қазақ» газетінде жарияланған «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасын әзірлеушілердің бірі.
|
1917 жылғы қараша
|
«Алаш» партиясының Торғай облыстық комитеті төрағасының орынбасары
|
1917 жылғы қараша
|
«Алаш» партиясы атынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына №1 Торғай округынан сайланды
|
1917 жылғы 5-13 желтоқсан
|
ІІ Жалпықазақ сиезін ұйымдастырушылардың бірі. Алашорданың оқу комиссиясының мүшесі.
|
1918 жыл
|
Ташкентте «Тіл – құрал. Қазақ тілінің сарфы. 1-інші жылдық» кітабы жарық көрді
|
1918 жыл
|
Алашорданың Торғай облыстық әскери кеңесінің мүшесі
|
1918 жыл
|
Алашорда делегациясын Қытайдың Шәуешек қаласына бастап барды
|
1919 жылғы наурыз
|
Алашорда үкіметінің атынан Мәскеуге барып, Кеңес үкіметі жетекшілерімен кездесті
|
1919 жылғы маусым
|
РСФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты өткізген «Қырғыз кеңес автономиясы туралы» арнайы мәжіліске қатысып, сөз сөйледі
|
1919 жылғы шілде
|
РСФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты декретімен Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі төңкерістік комитет құрылды. Ахмет Байтұрсынұлы төраға орынбасары болып тағайындалды
|
1919 жылғы 19 қыркүйек
|
Орынборға келген М.Калининмен автономия құру, оның шекарасы және жергілікті большевиктердің әрекеттері туралы сөйлесті
|
1919 жыл
|
«Жизнь национальностей» газетінде «Революция и киргизы» мақаласы жарық көрді
|
1919 жыл 10 шілде
|
Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі төңкерістік комитет төрағасының орынбасары болып тағайындалды
|
1920 жылғы 15 сәуір
|
«Известия Киргизского края» хабаршысында большевиктер жағына шыққандығы жөніндегі «Мәлімдемесі» жарияланды
|
1920 жылғы 17 мамыр
|
В.Ленинге кеңестік саясатты сынаған хат жазды
|
1920 жылғы 14 тамыз
|
РСФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты өткізген «Қырғыз республикасы туралы декреттің жобасы» бекітілген кеңеске қатысып, сөз сөйледі
|
1920 жылғы 16 тамыз
|
«Қырғыз өлкесі территориясы құрамын анықтау» қаулысы шығарылған Бүкілодақтық атқару комитеті президиумы жанындағы комиссиясы мәжілісіне қатысып, сөз сөйледі
|
1920 жылғы 26 тамыз
|
Бүкілодақтық Атқару Комитетінің және РСФСР Ұлт істері жөніндегі Халық комиссариаты декретімен Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды
|
1920 жылғы 22 қазан
|
Бүкілодақтық Атқару Комитетінің декретімен Орынбор губерниясы Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңестік Республикасына қосылды
|
1920-1921 жылдары
|
Қазақ АКСР халық ағарту комиссары
|
1921-1926 жылдары
|
Академиялық орталықтың жетекшісі
|
1920 жыл
|
Қазақ АКСР үкіметінің мүшесі
|
1920 жыл
|
Қазанда «Байаншы. Қазақ мұғалімдері үшін» атты әдістемелік кітабы жарық көрді
|
1920 жыл
|
Қазанда, Ташкентте «Тіл – құрал. Қазақ тілінің сарфы» кітаптары жарық көрді
|
1921 жылғы 25 қазан
|
«Жизнь национальностей» журналында «Тағы да Қырғызиядағы (Қазақстандағы) аштық туралы» мақаласы жарияланды
|
1921 жыл
|
Қызылордада «Оқу құралы», Семейде «Оқу құралы. Үлкендер үшін», Орынборда «Оқу құралы. Қазақша әліпби» кітаптары жарық көрді
|
1922 жыл
|
М.Дулатовтың «Ахмет Байтурсунович Байтурсунов (биографический очерк)» мақаласы жарық көрді
|
1922 жылғы 18 мамыр
|
Халық ағарту қызметкерлерінің Жалпы қырғыз сиезінде баяндама жасады.
|
1922 жылғы 8 шілде
|
«Еңбекші қазақ» газетінде «Қалам қайраткерлері жайынан» мақаласы жарық көрді
|
1922 жылғы 14 шілде
|
«Ақ жол» газетінде «Қазақты ағарту халімізден» мақаласы жарық көрді
|
1922 жылғы тамыз
|
Ташкент қаласында Түркістан зиялылары 50 жылдық мерейтойын атап өтті
|
1922 жылғы 24 қыркүйек
|
Орынборда «Баспасөз үйінің» ашылуында сөз сөйледі
|
1922 жылғы 27 қыркүйек
|
«Степная правда» газетінде «Барлық қырғыз ақындарына, әдебиетшілеріне және қырғыз әдебиетін сүйетіндерге» атты рухани құндылықтарды жинауға байланысты үндеу жарияланды
|
1922 жылғы 28 қыркүйек
|
«Степная правда» газетінде «Ағартушылық және ашаршылық» мақаласы жарық көрді
|
1922 жыл
|
Ташкентте «Оқу құралы», «Тіл – құрал» кітаптары жарық көрді.
|
1922-1925 жылдары
|
Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы
|
1923 жыл
|
Е.Омаровпен бірігіп жазған «Қазақша жазу тақырыпты жаңа жазу ережелері», «Қазақша жазу туралы жаңа ережелер» мақалалары жарық көрді
|
1923 жыл
|
Орынбор қаласында қазақ зиялылары 50 жылдық мерейтойын атап өтіп, М.Әуезов, С.Сейфуллин т.б. баяндамалар жасады
|
1923 жыл
|
Орынборда «Оқу құралы», «Тіл – құрал» кітаптары жарық көрді.
|
1924 жылғы шілде
|
Орынборда Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезіне қатысып, қазақ әліпбиіне, емле ережелеріне байланысты негізгі баяндама жасады
|
1924 жыл
|
Орынборда «Әліппе астары», «Оқу құралы», «Сауат ашқыш» кітаптары жарық көрді
|
1925 жыл
|
«Ақ жол» газетіне «Енді «қазақ» демей болмайды» мақаласы жарық көрді
|
1925 жыл
|
Орынборда, Қызылордада «Оқу құралы», «Тіл – құрал» кітаптары жарық көрді
|
1926-1928 жылдары
|
Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институтының оқытушысы
|
1926 жылғы 26 ақпан-5 наурыз
|
Бакуде І Бүкілодақтық Түркітанушылар сиезінде әліпби, терминология бойынша баяндамалар жасады
|
1926 жыл
|
Ташкентте, Қызылордада, Семейде «Әдебиет танытқыш», «Әліп-би», «Әліппе. Үлкендер үшін», «Сауат ашқыш», «Тіл – құрал» кітаптары жарық көрді
|
1927 жыл
|
Қызылордада «Әліп-би», «Тіл – құрал. Дыбыс жүйесі мен түрлері», «Оқу құралы» кітаптары жарық көрді
|
1928-29 жылдары
|
Алматыдағы Қазақ педагогика институтының профессоры
|
1928 жыл
|
«Әліп-би», «Тіл – құрал», «Тіл жұмсар» кітаптары жарық көрді
|
1929 жыл
|
Қызылордада «Тіл жұмсар», «Практическая грамматика» кітаптары жарық көрді
|
1929 жыл
|
«Тіл жұмсар, Сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс тәжірибесі арқылы танытатын екінші кітап» оқу құралы жарық көрді
|
1929 жыл
|
Алаш қозғалысына қатысқаны үшін айыпталып, 1934 жылы босатылды
|
1934-1937 жылдары
|
Алматы қаласында тұрды
|
1937 жыл 8 желтоқсан
|
Саяси қуғын-сүргін құрбаны
|
1988 жылы 4 қараша
|
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталды
|