ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Жазу қағидалары

1-інші ереже.

«А» ()дыбысының харфі сөз басында мәт (~) белгісі мен жазылады, басқа орындарда мәтсіз жазылады.

Сынау. Төмендегі сөздердің «~» пен жазылатындарына «~» қойып, жазылмайтындарына қоймай жаздырту.

(1) Ауру[1] астан, дау қарындастан. Отпен ойнама, күйерсін, баламен ойнама, шаршарсын. Ұлың өссе, ұлықты мен ауыл бол; қызың өссе, қылықты мен ауыл бол. Ел ерге қарайды, ер жерге қарайды. Аузың қисық болсаң, айнаға өкпе жоқ. Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста. Ер қапталы батқанын иесі білмес, ат білер; ағайынның азғанын ағайын білмес, жат білер. Арпа, бұйдай ас болар, алтын, күміс тас болар. Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала.

Ескерту. Сөз басында «а» () дыбысы жоқ жерде «ا» харфі тұрса, ол басқа дауысты дыбысқа сүйеу үшін қойылған таяқ есебінде қойылса да, айтылмайды.

2-інші ереже.

«ى» харфі бітеу[2] буында-ғана жазылмайды. Ашық буында[3] – басында болсын, басқа жерінде болсын – қалмай жазылады.

Мисалдар: 1) млтқ «ملتق» екі буынды сөз мл-тқ – تق -مل Мұның екеуі-де бітеу буын болғандықтан ы (ى) жазылмайды.

2) «مىسق» – бұ-да екі буынды сөз – مى-سق.

Мұның бірінші буыны ашық буын болғандықтан «ى» жазылады; екінші буын бітеу болғандықтан «ى» жазылмайды. Егерде млтқ «ملتق», мысқ«مىسق» деген сөздердің бітеу буындарын ашып млтығы «ملتىعى», мысығы «مىسىعى» деп айтсақ, ашық буындардың бәріне тиісті болғандықтан бұл сөздер былайша жазылады: млтығы «ملتىعى», мысығы «مىسىعى».

Сынау. Алтын алма, алғыс ал, алғыс алтын емес-пе? Асың-асыңа, береке берсін басыңа! Сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі. Жақын жолдың алысы жаман. Құлды құл десең өлгісі келер, биді құл десең күлкісі келер. Жақсының жақсысын айт: нұры тассын, жаманның жамандығын айт: құты ашсын. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туады, бір айақ асқа алғысыз. Дәм тұзын тат, расыңды айт. Өтірік деген дұспан бар, отқа сүйреп салады. Арамзаның құйрығы тұтам. Жарлының байлығы, денінің саулығы. Ерте тұрғанның ырысы артық. Төсегіңе қарап айағыңды көсіл. Жарлылықтан жақсы жоқ: жатып ішер ас болса. Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыздық жалғызын сойғызар. Барлық не дегізбейді, жоқтық не жегізбейді. Шөбі жоқ деп жерден түңілме, малы жоқ деп түңілме.

3-нші ереже.

А(ا), о(و), ұ(ۇ), ы(ى)дыбыстар жіңішке естілетүн сөздердің алдына дәйекші (ء) қойылады. Бұл дыбыстар жіңішке естілсе-де[4], дәйекші қойылмайтұн: к(ك), г(گ), е(ە) ішінде бар сөздер.

Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, қоярлық сөздердің алдына дәйекші қойыңдар.

Өзімдікі дегенде, өгіз қара күшім бар; кісінікі дегенде, қол тимейтін ісім бар. Иесі семіз, аты арық: түз жұтынан сақтасын; қатыны семіз, ері арық: үй жұтынан сақтасын. Баланың сөзі батпандай, келіннің сөзі кетпендей. Ағаны көріп іні өсер, апаны көріп сіңлі өсер. Атасы басқа аттан түс, аталасым атқа мін. Түбі бірге түтпейді. Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз. Өзі білмес, білгеннің тілін алмас. Бір көрген біліс, екі көрген таныс. Түсі қара болса-да, іші сара. Ит жеңгенін талайды. Шортанның өзі өлсе-де, тісі өлмес; адамның өзі өлсе-де, ісі өлмес. Білімсізбен алыспа, текке өмір тауыспа. Құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ. Оқу білім азығы, білім ырыс қазығы. Жібек асырай алмаса, жүн болады; қыз асырай алмаса, күң болады. Бала, баланың ісі шала. Інісі бардың тынысы бар. Сенікі, менікі деген көңіл тарлығы; әрі жат, бері жат деген төсек тарлығы (жорта дәйекше қойылмай жазылған).

Ескерту: «қ» (ق), «ғ» (ع) сияқты жіңішкертуге көнбейтін дыбыстар, «к» (ك), «г» (گ), «е» (ە) сияқты жуандатуға көнбейтін дыбыстар тоң дыбыстар деп аталады.

4-ереже.

Сөздің бітеу буындары мен ашық буындарын айырғанда, сүйеу таяқ (ا) дыбыссыз харіфке саналады. Мәсәлән: ынтық (انتق), ықтын (اقتن), ысқын (اسقن), ырғыз (ارعز), ылғи (العي) деген сөздердің бас буындары бітеу буындар.

Ескертулер.

  • «қ» (ق) һәм «ғ» (ع) дыбыстары туралы.
  • «к» (ك) һәм «г» (گ) дыбыстары туралы.

Кей орында «қ» (ق) дыбысы «ғ» () болып өзгереді. Ондай орында айтылуынша «ғ» () харфін жазу тиіс.

Мисал: 1) ақ ағы, бақ бағы, сақ сағы. Істің ағы білмес, жігіттің бағы білер. Иттің сағы жақсы. 2) аяқ – аяғынан, таяқ – таяғынан. (Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан).

Кей орында «к» (ك) дыбысы «г» (گ) болып кетеді. Ондай орында естілуінше «к» (گ) харфін жазу тиіс.

Мисал: Етікетігі. (Етігі жаман төрге шықпас). Өнбек – өнбегі, Еңбек – еңбегі. (Еңбегі аздан өнбегі-де аз).

3) «ұ» (ۇ) һәм «ы» (ى) дыбыстары туралы.

«ұ» (ۇ) мен «ы» (ى) дыбыстары «у» (ۋ) дыбысының алдында келгенде ашық буындарда анық естіледі. Бітеу буындарда дүдәмал естіледі. Сондықтан дүдәмал болған жерде бітеу буынды ашып ашық буынға айналдыру керек.

Мысалдар: 1) сұу, бұу, тұу деп жазу-ма, яки су, бу, ту деп жазу-ма, дүдәмал, яғни «у» (ۋ)дың алдындағы дыбыс «ұ» (ۇ)-ма, «ы» (ى)-ма, анық естілмейді. Егерде «у» (ۋ)дың алдындағы дыбыс «ұ» (ۇ) болса, «сұу», «бұу», «тұу» деп жазу тиіс. Егерде «у» (ۋ)дың алдындағы дыбыс «ы» (ى) болса, бұл сөздер «ы» (ى) харфі бітеу буында жазылмауы себепті, «су», «бу», «ту» деп жазылуы тиіс. «У» (ۋ) алдындағы қай дыбыс екені бітеу буынды ашқанда мәлім болады. «У» (ۋ)дың алдына «ұ» (ۇ) харфін қойып-та, «ы» (ى) харфін қойып-та ашып қарайық: сұу=сұуы, бұу=бұуы, тұу=тұуы; су=сы-уы, бу=бы-уы, ту=ты-уы. Әрине сұуы, бұуы, тұуы деп айту, сыуы, быуы, тыуы деп айтудан дұрыс екендігі қандай даусыз болса, сұу, бұу, тұу деп жазу һәм сондай даусыз болып шығады.

2) Оқу, жору, тану деп жазу ма, яки оқұу, жорұу, танұу деп жазу-ма? дүдәмал, яғни «у» (ۋ) алдындағы дыбыс «ы»(ى)-ма, «у»(ۋ)-ма? белгісіз. Егерде «ы»(ى) болса, бітеу буын болғандықтан, «ы» (ى) харфін тастап оқу, жору, тану деп жазуымыз тиіс.

Егерде «у» (ۋ) дыбысының алдында «ұ» дыбысы болса, «ұ»(ۇ) харфі һеш жерде қалмай жазылатындығы себепті, оқұу, жорұу, танұу деп жазуымыз тиіс. Буынды ашып қарайық: оқу=оқы-уы, жору=жорыуы, тану=та-ны-уы; оқұу=о-құ-уы, жорұу=жо-рұ-уы, танұу=та-нұ-уы. Әрине мұнда оқыуы, жорыуы, таныуы деу оқұуы, жорұуы, танұуы дегеннен дұрысырақ, өйткені «оқу» деген сөздің түбірі «оқы», соған «у»(ۋ) қосылып, «оқыу» болған. «ы»(ى) бітеу буында жазылмаған соң «оқу» болып тұр. «Жору»-да сол сияқты түбірі «жоры», «у» (ۋ) қосылып «жору» болып тұр; «тану» деген сөзге келсек, бұл сөз екі мағанада айтылады. 1) біреуді тану (білу) мағанада, 2) уағдадан тану (айну) мағнада; бірінің түбірі «таны», екіншісінің түбірі «тан» (танымақ, танбақ) бірақ «тану» дегенде екеуінің-де айтылуы бірдей, айтылуы бірдей болған соң, жазылуы-да бірдей болмақ. «Таны-у» деген сөз бітеу буында «ы»(ى) жазылмайтын болғандықтан «тану» болып жазылады. Бітеу буынын ашсақ, таны-уы болады. Жану, қабу, жору сияқты екі мағналы сөздердің бәрі-де осы мәністермен «ұ»сыз жалғыз «у» мен-ғана жазылады: жану=жа-ны-уы, қабу=қа-бы-уы, жару=жа-ры-уы.

3) Алу, бару, асу деген сөздер, «тан» түбірінен «тану», «жан» түбірінен «жану», «қаб» түбірінен «қабу», «жар» түбірінен «жару» сияқты «ал» түбірінен «алу», «бар» түбірінен «бару», «ас» түбірінен «асу» болған себепті «ұ»сыз жазылады. Олай жазудың дұрыстығы бітеу буынды ашқанда көзге анық көрініп тұр: алу=алы-уы, бару=бары-уы, асу=асы-уы.

4) Саур, жаун, аул деген сөздерде «ур», «ун», «ул» буындарында жазылмағанмен, «ы» (ى) харфінің барлығы буын ашылғанда мәлім болғаны сияқты сауу, жауу, ауу деген сөздердегі «уу» буындарындағы жазылмаған «ы» буынды ашқанда шынға келеді: сауу=са-уы-уы, жауу=жа-уы-уы, ауу=а-уы-уы.

Осы сияқты құуу, тұуу, бұуу деген сөздердегі «уу» буындарындағы жазылмаған «ы» буынды ашсақ, шынға келеді: құуу=құ-уы-уы, тұуу=тұ-уы-уы, бұуу=бұ-уы-уы.

5) Қыйу, жыйу, тыйу сияқты сөздердегі «йу» буындарындағы жазылмай тұрған «ы» буынды ашсақ, шынға келеді: қыйу=қы-йы-уы, жыйу=жы-йы-уы, тыйу=ты-йы-уы.



[1] Бұлар жорта хате жазылған, түзетіп жаздыру үшін.

[2] Буынның бас харфы-да, аяқ харфы-да дауыссыз болса, бітеу буын деп аталады.

[3] Буынның бас харфы я аяқ харфы дауысты болса, ашық буын деп аталады.

[4] Түпнұсқаға сәйкес берілді ред.