ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Қазақ сөздеріндегі дыбыстар һәм олардың харіфтері

Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Олардың харіфтері мынау: а)), б(ب), п(پ), т(ت) , ж(ج) , ш(چ), д(د), р(ر), з, с, ғ (ﻍ), қ(ق), к(ك), г(گ), ң(ڭ), л(ل), м(م), н(ن), о(و), ұ(ۇ), у (ۋ), е(ە), ы (ى), й(ي).[1]

Басқа тілдерден кірген сөздерде ұшырайтын х(ح), ч(ش), ф(ف), һ (ھ) дыбыстардың харіфтері мен бәрі 28. Жанада сүйеу таяқ (ا), дәйекші (ء) деген екі көмекші белгі мен бәрі 30.

Дыбыстар дауысты, дауыссыз, һәм жарты дауысты болады[2]. Соған қарай харіфтері-де дауысты, дауыссыз һәм жарты дауыстыға бөлінеді.

Дауысты харіфтер: а(ا), о(و), ұ(ۇ), ы(ى),е (ە).

Сынау. Төмендегі сөздерді буынға бөліп, буын ішіндегі дауысты харіфтердіңастын сызып көрсетіңдер.

Басқа келген бәледен бастан құлақ садаға. Соқыр көргенінен жазбас.

Соқырдың қолына түспе, саңыраудың астына түспе. Бір аштың бір тоқтығы бар. Не ексең, соны орарсын. Тас пен ұрғанды ас пен ұр. Құлақ естігенді көз көрер. Ағаш көркі жапырақ, адам көркішүберек. Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырларсын. Берген жомарт емес, алған жомарт. Ат ерінді келер, ер мұрынды келер. Өгізді өрге салма, қанатың талар; жаманға жүзің салма, сағың сынар. Адасқанның артындағысы білер; жаңылғанның жанындағысы білер.

«а»() дан басқа дауысты дыбыстар – о(و), ұ(ۇ)(ە), ы(ى) – сөздің басында келсе, бұлардың харіфтерінің алдына сүйеу таяқ «ا» қойылып жазылады.

Мисал: он(اون), ұр(اۇر), ес(اەس), ырыс(اىرىس).

Дауыссыз харіфтер: б(ب), п(پ), т(ت), ж(ج), ш(چ),х ()д(د), р(ر), з(ز), с(س),ч(ش), ғ(), қ(ق), ф(ف)к(ك), г(گ), ң(ڭ), л(ل), м(م), н(ن), һ(ھ).

Сынау. Төмендегі сөздерді буынға бөліп, буын ішіндегі дауыссыз харіфтердің астын сызып көрсетіңдер.

Басқа келген бәледен бастан құлақ садаға. Соқырдың қолына түспе, саңыраудың астына түспе. Бір аштың бір тоқтығы бар. Не ексең соны орарсын. Тас пен ұрғанды ас пен ұр. Құлақ естігенді көз көрер. Ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек. Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырларсын. Берген жомарт емес, алған жомарт. Ат ерінді келер, ер мұрынды келер. Өгізді өрге салма, қанатың талар; жаманға жүзің салма, сағың сынар. Адасқанның артындағысы білер; жаңылғанның жанындағысы білер.

Жарты дауысты харіфтер: у(ۋ), и(ي).

Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі дауысты «у» (ۋ) һәм «й»(ي)ларды айырту.

Бай байға кұяр, сай сайға құяр. Өзі тойса-да, көзі тоймайды. Айбар керек, әл керек, әлсіз айбар не керек? Ауру қалса-да, әдет қалмайды. Денсаулық зор байлық. Айналдырған ауру алмай қоймас. Сарт байыса, там салар, қазақ байыса, қатын алар. Тойға барсаң, тойып бар, жұмысыңды қойып бар. Ат аяғын тай басар. Айудан қорыққан тоғайға бармас. Жер таусыз болмайды, ел даусыз болмайды. Тай тулап үйірінен шықпас. Ішің удай ашиды, һеш амал жоқ етерге.

Сынау. Төмендегі сөздердің ішіндегі жарты дауысты харіфтердің астын сызып көрсетіндер.

Той тондынікі, ас аттынікі. Бәрің бірдей тойшы болсаң, қу боларсын; бәрің бірдей қойшы болсаң, құл боларсын. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. Май сасыса тұз себер, тұз сасыса не себер. Түйенің үлкені көпірде тайақ жейді. Бір байдың жұртына екі тышқан таласыпты. Ат аунаған жерде түк қалады. Атты қамшымен айдама, жеммен айда. Қойшы көп болса, қой арам өлер. Отпен ойнасаң, күйерсін, баламен ойнасаң, шаршарсын. Соңғы түйенің жүгі ауыр. Тай тулап үйірден шықпас. Шірікке шыбын айналар. Жыртық үйге тамшы үйір; арықатқа қамшы үйір. Байтал шауып бәйге алмас. Екі кеме құйрығын ұста жетсін бұйрығың.

Дауыссыз дыбыстардың кейі қатаң, кейі ұяң болады. Соған қарай харіфтері-де қатаңһәм ұяң деп аталады.

Қатаң харіфтер: б (ب), п(پ), т(ت), ш (چ),х(), д(د), ч(ش)с(س), ғ (ﻍ), қ (ق), к (ك), г (گ).

Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі қатаң харіфтерді айырту.

Соқырдың қолына түспе, саңыраудың астына түспе. Берсең аларсын, ексең орарсын. Ат ерінді келер, ер мұрынды келер. Базарға бар-да, бағың сына. Ұлың өссе, ұлықты мен ауыл бол, қызың өссе, қылықты мен ауыл бол. Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер. Бүркіт қартайса, тышқан аулар. Ит жеңгенін талайды. Қуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.

Сынау. Төмеңдегі сөздердің ішіндегі қатаң харіфтердің астын сызып көрсетіндер.

Өлген келмес, өшкен жанбас. Жақсы келсе құт, жаман келсе жұт. Тисе терекке, тимесе бұтаққа. Жемісті ағаштың басы төмен. Көп тілегі көл. Ел құлағы елу. Жеті рет піш, бір рет кес. Көз қорқақ, қол батыр. Жер анасы, мал баласы. Күлме досыңа, келер басыңа. Тамыр тартқан тарықпас. Сақтықта қорлық жоқ. Шөп біткен жерге бітер. Аспанға қарай оқ атпа, өзіңнің түсер басыңа. Аш тамағым, тыныш құлағым. Тез қасында қисық ағаш жатпас. Шам жарығы түбіне түспес. Қойшы көп болса, қой арам өлер. Ит семірсе, иесін қабар. Ат аунаған жерінде түк қалады. Аман болса бұл басым, тағы шығар бұл шашым.

Ұяң харіфтер: ж(ج), р(ر), з(ز), л(ل), м(م), н(ن), ң(ڭ), һ (ھ).

Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі ұяң харіфтерді айырту.

Талтандасаң, талтаңда! Ақшаң болса қалтаңда. Берсең аларсын, ексең, орарсын. Базарға бар-да, бағың сына. Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер. Оқу білім азығы, білім ырыс қазығы. Асың барда ел таны, атың барда жер таны.

Сынау. Төмендегі сөздердің ішіндегі ұяң харіфтердің астын сызып көрсетіңдер.

Жақсыдан жаман туады, жүйріктен шабан туады. Тон жағасыз болмайды, ел ағасыз болмайды. Батыр ортақ, бай ортақ, төресі әділ би ортақ. Ханның басын хан жұтар, қардың басын қар жұтар. Сенікі, менікі, деген көңіл тарлығы, әрі жат, бері жат деген төсек тарлығы. Тау мен тасты су бұзар, кісі арасын сөз бұзар. Ат ерінді келер, ер мұрынды келер. Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырларсын. Берген жомарт емес, алған жомарт.

Ұяң харіфтер өз ара екіге бөлінеді:

1) ымыралы харіфтер: ж(ج), з(ز), л(ل).

2) ымырасыз харіфтер: р (ر)м(م), н(ن), ң(ڭ).

Дағдыландыру. Төмендегі сөздерді көшіріп, ымыралы харіфтердің астын бір сызып, ымырасыз харіфтердің астын екі сызып көрсетіңдер.

Сан тимеске сан тиді, табақ-табақ нан тиді. Саңырауға сәлем берсең, атаңның басы дер. Көне садақты деме, атқанын көрерсін, көне етікті деме, атасын білерсін. Жорға мінген жолдасынан айрылады; көп жасаған құрдасынан айрылады. Жығылған күреске тоймас. Саяқ жүрсең, тайақ жерсін. Тыңдамасқа сөйлеген есіл сөзім, жыламасқа жылаған екі көзім. Аузы күйген үріп ішер. Жеген білмес, тураған білер. Бұйдалаған тайлақтай, жетелеген мойнақтай. Көңіл кірі айтса, кетер, көйлек кірі жуса, кетер. Шын жомарт жоқтығын елемес, шын жүйрік тоқтығын елемес. Түлен түртпесе, түнде қайда барасын?


[1] Жақшада А.Байтұрсынұлының әліпбиіндегі таңбалар берілді – ред.

[2] Жарты дауысты дыбыс шолақ дыбыс деп-те аталады.