ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ» төсбелгісі

Төсбелгімен марапаттау негіздемесі

«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ» төсбелгісі Қазақстан Республикасындағы тіл саласына арналған ведомстволық марапат.

Марапатқа мемлекеттік тілдің және этнос тілдерінің дамуына, тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған бағдарламалардың нәтижелі орындалуына және әдістеме, ономастика, терминология, аударма салаларына, білікті мамандар даярлауға атсалысқан тұлғалар марапатталады. Сондай-ақ,қоғамдық пікірге қозғау салып, ақпараттық-насихат жұмыстарын жүйелі жүргізген лайықты тұлғалар да марапатталады.

Төсбелгімен Қазақстан Республикасының азаматтарымен қатар мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға, халықаралық қатынастарда тіл саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға елеулі үлес қосқан шетел азаматтары да марапатталады.

Төсбелгі кеуденің сол жағына тағылады және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан төмен орналасады.

Төсбелгінің сипаттамасы

«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ» төсбелгісі шеңбер тәрізді диаметрі 34 мм болатын алтын түстес латунь металынан жасалған. Шеңбердің сырты алтыбұрышты формамен қоршалған. Бұл халқымыздың «Алты Алаш» дәстүрлі ұғымын білдіреді. Бұл ұғым туыстықты, бірлікті айқындайды. Алтыбұрыштың шығыңқы өткір бұрыштары тілдің өткірлігін, ұшқырлығын, әсерлігін білдіреді. Бұрыштардың аралығына ту түстес сызықтар берілген, бұл жалпы төсбелгіде қолданылған түстердің гаммасын күшейтеді. Бұрыштар ұлттық ою-өрнекпен нақышталған. Төсбелгінің алтын түстес болуы халық үшін тілдің аса қымбаттығын көрсетеді.

Төсбелгінің алдыңғы бетінде (аверс) Ахмет Байтұрсынұлы бейнесі және «150 жыл» деген жазу берілген. Оның сыртында шеңбер жиегінде «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ» деген шығыңқы бедерлі жазба берілген. Жазудың екі шетіне ұлттық ою-өрнек салынған.

Төсбелгінің сырт жағының (реверс) ортасында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ» деген жазу берілген.

Қалып ту түстес көк жібек қатқыл лентамен көмкерілген. Лентаның жоғары жағы төртбұрышты, төменгі жағы үшбұрыш болып келеді.Төсбелгі құлақша және сақина арқылы бекітіледі. Оның артқы жағында киімге бекітуге арналған арнайы түйреуіш орналастырылған.

Төсбелгінің растайтын куәлігі болады, сондай-ақ «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ» төсбелгісімен бір рет қана марапатталады.


Медалі PDF нұсқа - көшіріп алу