20-ншы ғинуарда Петірогырад судебный палатасы
В.Л.Буртсевті Сібірге айдауға бұйырды. Бұл орыс жұртын
бақытқа жеткізем деген жүйріктің бірі. Абайды оқытқан
Михайлістің жолдасы. Біздің орысша білетін қазаққа белгілі
Буртсев «Былое» журналының шығарушысы еді. Ана бір күн
шығып, жақсылық болғаннан бұрын Пырантсиа, Ангылиаға
қашып барып, сонда жүрді, 1905-нші жылы патша манипесі себебті Ресейге қайтып, қараңғы тұман қайта түскенде, тағы бөтен
ұртқа жан сауғалап қашып барған еді. Мына Еуропа соғысы
басталғанда, ердің қаны қызып, елге қайтып, күкіметпен бірге
жұртыма қызымет қылам деп, өзі келіп еді.
1915 ж.