Орыс қол астына панаулаға келген 1000 үй Қытай қазағының мынадай айанышты халін депутат Некрасов «Денн» газетасына жазады.
Алтай тауының монғол бетіндегі қазақтар мен монғол төрелерінің арасында үлкен жанжал шығып, 11 төре өліпті. Мұнан кейін монғолдар қазаққа қарсы әскер аттандырыпты. Қазақтар қорыққанынан, 1000 үй 120 мың малымен орыс қол астына қашып тығылып, орыс күкіметіне арыз береді, бізді қол астына алсаң деп. Қазақтардың бұл арызы Петерборға жеткеннен кейін арыздары айақсыз қалдырып, өздерін монғолға қайтаруға бұйрық шығарған. Қазақтар еркімен монғолға қайтпайтын болған соң, оларды зорлықпен көшіруге әскер жіберген. Осы күні шекарада монғол әскері қазақтардың қайтуын күтіп тұр. Олар әліпте кек алмақшы һәм басқа патшалыққа қашқаны үшін жазаландырмақшы. Енді бейшара қазақтардың қаны төгілмей, мал-мүлкі шабылмай, қалай аман қалар.
Некрасов айтады: монғол төрелері бізге сонша-ақ қымбат па, олардың кегін қайтару үшін бірнеше мың қазақты құрбан қыларлық.
ОМСКІ – бізге жазады, биыл ондағы орта дәрежедегі селіскокозиайыстуенный ышколаға Мұқтар Саматов деген қазақ баласы кірген екен. Ол бұрын Семейдегі 4 класты городской ышколды бітіріп, Омбыға тілеген ышколына кіруін кірсе де, «өз күшіңмен оқисын» деп, қазынадан орын бермепті. Бұл баланың ата-анасы өте кедей болғандықтан, осы күні ышколға төлейтін 65 сом һәм пәтер, тамағына берерлік бір тиын ақшасы болмай, мұқтаждықтың зарын шегіп тұр, өзі тәуір оқиды, бірақ ақшасыздықтан амалсыз ышколадан шығып, қаңғырып қалуға тақалып тұр екен. Біз газетамыз арқылы Мұқтар Саматовқа ең болмаса бір жылдық оқуына жеткендей жәрдем жыйуға жақын арада Орынбор губернаторынан рұқсат алмақшымыз.
1913 ж.