Газет-журналдарымызда көбінесе «ұғлы, баласы, қызы»
дегеннің орнына «-ов, -ова» жазылады. Бұл қазақ тілінде болмаған себепті құлаққа тіпті, ерсі естіледі, «-ов, -ев, -ин, -валар»
жалғыз-ақ орыс халқында бар деп айтуға болады, басқа Еуропа
халықтарындажоқ, бізден өзге патшалымұсылмандарда дажоқ.
Бұларды орыстан көріп еліктеуіміз орынсыз, басқа жұрттың
сөздерінің құйрығын əкеліп өз сөзімізге тағудың қанша қажеті бар? «овтарды» орысша жазғанда қолдансақ та, қазақша «ұғлы,
баласы, қызы» депжазуымыз келіспей ме? Мұнан бұлайжұртқа
өнеге беретін газета-журналдарымыз мұны ескерсе, қандай
жақсы болар еді, қиындығы да болмас еді.
Студент Ыдырыс Оразалыұғлы.
Басқарма. Біз Ыдырыс мырзаның бұл пікірін мақұл
көреміз, мұны елеусіз тастамасқа ықтиһад етерміз. Бұл туралы айтарлық бірер сөз бар. Біздің қазақ фамилия орнына өз əкесін атаса, «ов, ин, ва, на» орнына «ұғлы, қызы» деп
жазуда ыңғайсыздық жоқ, «Ыдырыс Оразалыұғлы» деген
секілді. Ал жұрттың көбі фамилия орнына үлкен əкесінің я
бабасының атын жазады, мысалы, «Ғалихан Нұр Мұхамедұғлы
Бөкейханов» деген секілді. Мұндайда «Нұр Мұхамедұғлы» деу
ыңғайлы болса да, «Бөкейханұғлы» деп атасының ұлы қылып
жазудың реті келмесе керек. «Ғалихан Бөкейхан» делінсе, ретке келіңкірер еді: «Бөкей хан» деген руын атағандай болар
еді, «Атығай, Қарауыл, Айдабол, Қаракесек» деген секілді.
Қазақтың руының өзі орыстың фамилиясына тура келді ғой.
Енді бір əйел атын алайық: «НəзипаСағызбайқызыҚұлжанова»
дегенде, «Құлжан» деуіміз һəм «Нұрғали Құлжанов» дегенде
де «Құлжан» деуіміз, яғни əйелдің де, еркектің де фамилиясын
бір қалыпта атауымыздың ыңғайсыздығы болмас па? Жəне де,
мұндайда «ұғлы, қызы» делінбей, əкесінің атын қалдырып,
«Нұрғали Құлжан» я «Нəзипа Құлжан» деп жазсақ, жай екі
кісі аталып тұрған секілді болады һəм ілгері-кейін тұрғанынан
байқалмаса, араласқанда қайсысы өз аты, қайсысы фамилиясы
екендігі білінбей қалса керек.
Фамилияны жоғарғы айтқандай қылып қалдырамыз ба, жоқ
басқа бір ыңғайлысын табуға бола А, оқушылар, не айтасыздар?