ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

1891-ші жылы 25-ші мартта шыққан степной положение, яғни осы күнгі положение. Сайлау һəм партия пəлесі

1868-ші жылдың уақытша положениесі бойынша қазақты хүкімет 25 жыл билейді (1868-1893). Орыс заңынан алып, қазақ ісіне кірістірген жолдарға қазақтар көндігіп, əбден үйір болады. Мұны көріп, степной положениені шығарушылар қазақ ісіне общий крестьянский положениенің кей жолдарын қалыбынша өзгертпей-ақ кіргізуді мақұл көреді. Степной положениедегі ауылный һəм волостной сиездердің лауазым иесі адамдардың міндеттері турасындағыжолдар тура крестьянский положениеден алынған, солай еткен соң, қазақ істері крестьян ісіне өте жақындайды. 1868-ші жылдың положениесі бойынша ауылный сиезге ондықтар жиылып, істі солар қараушы еді. Степной положение ондықтарды қалдырып, ауылный сиезді үй қожаларының жиылысынан жасайтын етеді. Бұлай етуде екі мəніс болды: бұрын ондықтарды жиып, үй қожаларын қалдырудың себебі – көп жиылған жерде жанжал, бөлінушілік шығады деп құп қылған еді. 25 жылдан кейін ондай бөлінушілік болмасына көз жетіп болады. Бұл бір мəнісі. Екінші мəнісі, сиез үй қожаларынан жасалса, əркім істің бас-қасында болып, ақылдасып істесе, көп ақылымен пішкен іс халыққа жайлы болар деген ой еді.

Степной положениені шығарушылар бұл турада қазақ істерін крестьян істерінің жолына жақындатса да, басқа турада алыстатқан жері де бар.

1822-ші жылдың Сибирский уставында 1868-ші жылдың уақытша положениесіндегі волостной управительдерді сайлауға жарайтын адамдардың шартын ғана көрсетіп, сайлап шығару билігін қазақтардың өзіне берген еді. Сайлап шығарған адамды тиісті хакім бекітуші еді. Степной положение бұл туралы көп өзгеріс істеді. Халық қалаған адамын сайлап шығарса да, бекіту-бекітпеуге хакімдер ықтияршы болды

Халық сайлап тұрса да, губернатор бекітпей, қайта сайлауға, яки өз бетінен біреуді лайықтап қоюға хұқты. Аса қажет орындарда ішкі іс министрі, степной генерал-губернатор қазақтарды сайлау істетіп əурелемей де, өз беттерінен лайықтап қоя салуға ерікті. Сөйтіп, сайлау ықтияры қазаққа берілгенмен, бекітпеу ықтияры губернаторларға берілген соң, құты, министр һəм генерал-губернатор сайлаусыз қоюға ерікті болған соң, құр сайлау деген аты болмаса, мағынасы зор кемиді. Бұлай еткендегі мақсат қазақтың таласын кеміту еді. Сайлағанмен, бекітуі дүдəмал болса, партия жасап жаулассақ, бекітпес деген құппен, қазақта партия пəлесі кемір деген ой еді. Олай ойлау лаққандық болып шықты. Партия пəлесі бұрынғыдан кемімек түгіл, қайта күшейіп кетті. Талассақ, бола алмаспыз деп құп етушілер елді екі бөліп, арызына ерген ғана жағына болыс бөлу тəсілге түсті. Сөйте-сөйте болыстар осы күнде өте ұсақтап кетті. Ауданды үлкен болыстар, ауылдар тіпті азайды. Болыс бөлініп ұсақтап, көбеюі жұртқа зиян. Жаңа болыстың расходы жұртқа масыл болады, расход үстіне расход жамалады. Сөйтіп, партиялықты жоюға істеген тəсіл, əуелі, мақсатына жете алмайды, екінші, жұртқа пайда орнына зиян келтіреді.

Солай болмасқа орын да жоқ. Қазақ партиялығын жоюға талас шығатын түбірін жою керек. Талас түбірі болыстықтың өзінде. Таласты жоюға сол түбірді тауып, талас шықпайтын етерге керек.

Крестьяндарда талас жоқ. Себебі олардың болысы елді меңгеру, тергеу ісі үшін ғана жасалған хүкіметтің бір түйірі болғандықтан, халықты меңгеру, тергеу ісінен басқа шаруаға ке- 198 рек істерге қатынаспайды. Қазақ болысы ондай емес. Шаруаға пайда-зиян тиерлік істердің көбіне қазақ болысының дахылы10 бар: Қазақ дүниялығының негізі – жер болыс қолында, ауылауылдың жерінің жігін ашатын болыс. Жер турасындағы дауларды бітіретін болыс, ауыл-ауылға таратып, салық үлестіретін болыс, билерді қалап сайлап шығаратын болыс. Болыстың бастығы, қожасы волостной управитель. Жоғарыда айтылған болысқа қарайтын істердің бəрі де қазақтың нағыз маңызды істері. Сондықтан елді жарылқаушы да, қорғаушы да болыс бастығы волостной управитель болады. Управительдің өзін сайлаған волостной сиез билер де сайлайды. Олай болған соң, сиездегілер де, олардың сайлаған билері де управитель партиясынан болмақшы һəм управительдің айтқанын қылмақшы. Жер билігі волостной сиезде болғандықтан, қарсы партиясының жерін даулатқызып, өз партиясына алып беруге управительдің қолынан келеді. Өзіне қарсы партияның ауылдарына алым ақша баса салдырып жіберуге қолынан келеді. Осы сияқты озбырлық ісіне араз болып, қазақ еш нəрсе өндіре алмайды, өйткені қазақтың партиялық жүзінен қозған істерінің ақтықарасын айыру бір қиын жұмыс. Көбінесе арыз беруші қазаққа пəле салып, жала жауып, акт жасап, жаза кестіріп, əлекке түсіреді, сайлауға жарамастай қылып, басын кірлеп қояды.

Бұл дəрежеге жеткен партиялық дертін, онан туатын түрлі пəлені жоюға қалаған адамды бекіту-бекітпеу билігін хүкіметке беру ем болмайды. Аурудың асқынған себебін тауып, соған қарай ем ету тиіс.

Партия дертінің асқынған себебі жоғарыда айтылған жарылқарлық-қарғарлық управительге берген қуат. Крестьянский положениеден алынған болыстықты крестьяндағы қалпына түсіру керек.

1868-ші жылдың уақытша положениесі əр ауылдың жерін пайдаланған ыңғайыменен бөлек-бөлек шегін ашып, айырып, бөлістеріне, құты, белгі қоюға лайықталған еді.

Осы жол бойынша əр ауылдың көптен бері меншіктеп пайдаланып келе жатқан өз алдына арнаулы-арнаулы жерлері бар. Бұл күнде жер тақырыпты дау шықса, ол жердің бөліксіздігінен 10 Көңіл бөлу, қарау, қатысу, өзара байланыс, қарым-қатынас. 199 емес, яки жетпегендігінен емес, волостной сиездің партиялық жөнінен сұғанақтық еткендігінен

Волостной сиез баяғыдан бері бөлерлік жерін бөліп болды. Ауыл-ауылдың көптен бері иемденіп пайдаланып келе жатқан жерлерінің жігі ашылып бітті. Волостной сиездің мұнан былай жер ісіне кірісуі қазақтың шаруасы ілгері басуына оралғы, бөгет болғаннан басқа, келтірер жұртқа зияны болмаса, пайдасы жоқ. Арнаулы жерді иемденіп, орнықпайынша шаруа ілгері баса алмайды. Енді волостной сиездің жер жұмысына сұғанақтық етуін тоқтату керек. Əйтпесе, қазақ жерге орнығып, еш уақытта отырықшы бола алмайды.

Волостной сиезді жер жұмысынан шығарып тастағаннан кейін ауыл араларындағы, ауыл ішіндегі үй қожалары араларындағы жер дауын тексеретін жол да өзгерерге тиіс. Бұл күнге шейін иемденбей бос жатқан жер жоқ. Ондай жер бола қалса, ол үшін дау да шықпас. Біреудің иемденіп отырған жерін аламын деп шығарған дау біреудің малын, мүлкін алам деп дау шығарғанмен бір есеп. Алынған малды, ауысқан ақыны тексеретін сот. Сондықтан жер дауы да сотпен бітерге тиіс.

Бірақ қазақ жерлеріне бұлай белгілері қойылмаған себепті, қойылса да жерге орналастыру жолмен берілмеген себепті əзіріне жер дауы қарындастық жолмен біте тұрса жарар еді. Олай болғанда, осы күнгі крестьянский начальниктер турасындағы положениенің 443-440 статьялары бойынша қаралуға крестьянский начальниктерге тапсырылса.

Сөйтіп, жер иесі ауыл əлеуметі болмақ. Жерді билеуші ауылный исход болмақ. Жерді арендаға (жалдауға) волостной сиез приговор етпей, крестьяндарша əр жер иесі аймақ өздері жалдамақ.

Волостной сиез болыс қол астындағы жерді билегендіктен ауыл-ауылға раскладка таратуды да билейді, закон шығарушылардың раскладканы волостной сиезбен таратпақ еткендегі мəнісі, түндік ақша үй басына ғана салынған салық емес, шаруа кəсібіне салынған салық: Мал бағу ма, егін егу ме, оғайри сондай шаруалық па – бəрі жерге қарайтын кəсіп, жерден өнетін кəсіптің берекесі жері жетерлік һəм шаруаға лайықты болудан. Ауыл-ауылға жер үлестіретін волостной 200 сиез болғандықтан, ауыл-ауылдан алынатын салықты да волостной сиез тарату тиіс деген. Шаруа басына жер үлестіретін ауылный исход болғандықтан, ауыл ішіндегі үй басына салық тарататын ауылный исход болу тиіс деген. Үй басына бірдей салған салық дұрыс емес, неге десең, байдың малы көп, малы көп болған соң, жері де көп. Түндік ақша үй басына бірдей салынса, бай да, жарлы да бірдей төлейтін болады. Олай болмас үшін салықты əркімнің ауқатына қарай: Байға байша, жарлыға жарлыша салу тиіс деген еді. Бірақ салық дұрыстығы дегендеріндей болмады. Өйткені байлар байша төлеуден қашты, волостной сиездер байдың ыңғайымен бөліп, салықты дұрыстықпен таратпайтын болды. Бай-салық байдың һəм партиядан жеңген жақтың көңілін аулап салынатын болды. Салық дұрыстықпен салыну үшін кей облыстардың, мысалы, Ақмола, Семей облыстарының əкімдері малдың бəрін қойға шағып, байлық мөлшерін қой есебімен байқайтын етті. Сонан соң қой басына ақша арнап, сол қой басына түскен ақшамен есептеп, болысқа қараған ауылдарға, ауылға қараған үйлерге салық тарататын етті.

Сөйтіп, бұл салық ақшаны малдан төлеген сияқты болды, жалғыз-ақ мал салығына келмейтін бір жері мынау еді: Нағыз мал салығы болса, малы жоқ, басқа кəсіппен күн көретіндер ақша төлемес еді. Жоғарғы айтылған бай-салық бойынша малы бардай салық төлейді. Бұл Ақмола, Семей облыстарында істелген жөнмен де салық дұрыстығы табылмады. Оның себебі: Нағыз законде мал есебі алынып, салық мал басына салынсын деген сөз болмаған соң, жұрт малының есебі дұрыс алынбады. Мал есебі дұрыс болмаған соң, салық дұрыстығы да болмады.

Жаңа закон жобасы бойынша жер жұмысы волостной сиезден шықпақшы. Жер жұмысына волостной сиез кіріспеген соң, бай-салық жұмысына да кірісуге жөн жоқ. Салық есебі ауыл-ауылдан алыну тиіс. Бірақ мұнда да бай-салық дұрыстық, туралықпен болады деп айтуға қиын, ауыл ішінде де партиялық жоқ емес, ауылный исход та көп жағының ақшасын аз жағына, байларының ақшасын жарлыларға көтертеді. Солай болған соң, қазақтардың недаемкасы көбейеді. Көбейгенін көріп отырмыз. 1909-шы жылғы 1-ші январға шақты Ақмола облысының 201 недаемкасы 105 мың 482 сом болған. Бұл Ақмола облысынан жылына алынатын ақшаның жартысы. Недаемка өсуі Торғай, Орал облыстарында да байқалады. Жұрт жылдан-жылға жарлыланып, салық төлей алмайтын күйге түсіп барады. Өйтетін себебі, шаруалық шарттарының қолайсыздығынан емес, салық тарату жұмысының кемшілігінен һəм салық ақша жинау жұмысының тəртіпсіздігінен. Сбор рəсім бойынша жиылады. Рəсім салық төлеу үшін бар малын сатқызады. Өз малы жетпегеннен кейін, недаемканы жұрт үстіне таратады. Малы сатылып құрығаннан кейін, қазақ əуелі үйсіздікке қосылады, жерінен айрылады, исходтан қалады, салықтан шығады. Жылдан-жылға сбор төлейтін үйлердің саны кеміп барады, олар кеміген сайын қазынаға түсетін түндік ақша да кеміп барады. Дұрыстықпен салық салынбайтын, қазынаның түсімін кемітетін, жұрттың ауқатын аздыратын осы күнгі салық салу тəртіп мұнан былай жұрттың һəм қазынаның игілігі үшін түбінен өзгерілерге тиіс.

Қазақтың байлығы жерден өнетін болғандықтан, қазаққа оброчный сбор салу қолайлы болар еді, бірақ оны бұл күнде қазақтарды жерге орналастырмай тұрып істеуге болмайды.

Егерде қазаққа оброчный сбор салуға жоғарғы айтылған себеппен болмайтын болса, осы күнгі қалыпта қалдыруға да болмайды. Түндік ақша байға байша, жарлыға жарлыша салынған туралық салық емес. Мұныстепной положениенішығарушылар да білген еді, бірақ түндік басына салынып, түндік басынан алынуы оңай деп, əділ салықтардан мұны артық көріп еді. Ауылный, волостной исходтар дұрыстықпен жұртқа салық салар деп ойлап еді. Олай болып шықпады. Салықтың негізінде кемшілік болғандықтан, негізінен өзгертпей болмайды

Түндік ақша бұрын ішкі ордалық қазақтардан да, Астрахань губерниясындағы қалмақтардан да алынатын еді. Түндік ақшаның жоғарғы айтылған кемшіліктері болған себептен сбор малға түсті. Мал сборы подоходный салыққа жақын. Малы барлар төлейді, малы жоқтар төлемейді, малы көптер көп төлейді, малы аздар аз төлейді. Мал сборын болдырмай жүрген қазақтардың көшпелілігі еді. Бүгін мұнда, ертең онда болғаннан, мал есебін алудың қиындығы еді. Бұл күнде переселендерге жері алынып, қонысы тарылғандықтан, бұрынғы көшу жоқ. Бұл көшу ішкі орданың қазағында да, Астрахань губерниясының қалмағында да бар еді, олар мал басынан сбор алуға енді есепте еш қиындық жоқтығын көрсетіп отыр. Ондағы қызмет ететін чиновниктердің дала облыстарындағы чиновниктерден саны да кем, басы да төмен болса да, мал басынан алынатын сбор жұмысын мүдірмей-ақ үлгеріп тұр.

Сондықтан, қазақтар жерге орналасып болғанша, Астрахань қазағы мен қалмағына істеген сияқты, дала облысының қазағынан да сборды мал басына салуға мезгіл жетті. Сбордың аз-көбі де сол Астрахань қазағы мен қалмағының төлейтін шамасында болу тиіс, өйткені олардың тұрмысы мен шаруасы дала облыстарының қазақтарының тұрмысы, шаруасымен бірдей. Малдарының өсу һəм сатылу шарттары екеуінде де бірдей.

Сбор малдан алынса, қазынаға ақша көп түседі, қазаққа ауырлығы сезілмейді. 1908-1910-шы жылдарда Ақмола облысының малымынадай еді: 87 мың 722 түйе, 539 мың 896 жылқы, 393 мың 693 сиыр, 1 миллион 154 мың 775 ұсақ мал (қой-ешкі). Ол жылдарда Ақмола қазақтарының жылына төлейтін түндік басы ақшасы 305 мың 348 сом еді. 1904-1906-шы жылдарда Ақмола қазақтарының малы мынадай еді: 76 мың 270 түйе, 522 мың 230 жылқы, 366 мың 34 сиыр, 993 мың 276 ұсақ мал. Ондағы жыл сайын төлеген түндік басы ақшасы 341 мың 224 сом еді. 1904-1906-шы жылдардан 1908-1910-шы жылдардағы қазақтардың малы көп болған, төлеген ақшасы аз болған, яғни мал аз жылдардың ақшасы мал көп жылдардың ақшасынан 35 мың 876 сом артық. Егерде салық ақша түндік басынан алынбай, мал басынан алынса, мысалы, Астрахань қалмақтарынан алған сияқты (түйе басынан 75 тиын, жылқы-сиыр басынан 40 тиын, ұсақ мал басынан 5 тиын), Ақмола облысының қазақтары 1908-ші жылы 535 мың 586 сом төлер еді, демек, 198 мың 738 сом көбірек төлер еді. Сбордың олай көбейгені жұртқа онша батпас еді, себебі бұл артық ақша көп жерді иемденіп, көп мал өсіріп отырған байларға түсер еді. Түндік басы сбор мен мал басы сборды салыстырсақ:

1) Семей облысының қазақтарының жоғарғы айтылған жылдардағы төлеген түндік ақшасы 485 мың 968 сом, мал басынан төлесе, 491 мың 340 сом төлемекші, демек, 5 мың 372 сом көбірек төлемекші.

2) Торғай облысының қазағы мал басынан төлесе, түндік басынан төлегеннен 205 мың 766 сом артық төлемекші, бұл артық ақшалар малы көп байларға түспекші. Сөйтіп, мал басына салған сбордан патшалық қазынасына жылда 400-450 мың сомдай ақша көбірек түсер еді. Онан халықтың шаруасы күйзелмес еді, қайта салық əркімнің уақытына қарай түсіп, əркім өзі үшін ғана сбор төлегеннен көбінің шаруасы түзелер еді.

Жоғарыда айтылған жер туралы, сбор туралы өзгерістер волостнойсиездіңжұмысынкрестьянположениесіндегіқалыбына түсірмекші, волостной сиез бен ауылный сиездің істейтін істерінің арасы ашылғаннан кейін, партиялық бүліншілігін кеміту үшін істелген сайлау жолының таршылығы енді қажет бола қоймас. Сондықтан степной положениедегі айтылған сайлау жолын өзгертіп, крестьян сайлау жолына жақындату тиіс. Мұны өзгерткенде, жаңадан бір жат нəрсе қосылмайды. Сайлау ісі степной положение шықпай тұрғандағы қалыпқа түспекші, жалғыз-ақ ондағыдан басқалығы сол: Волостной управительдерді крестьянский начальниктер бекітпекші, ауылный старшиналар бекітусіз-ақ қызметке кіре береді. Осылай еткенде қазақ пен крестьяндардың лауазым иесі адамдарының қалпында еш басқалық болмайды. Қазақ сайлауымен сайлаған адамдарын бекіту реті крестьяндармен бірдей болуының артықша қажет болатын себебі Россиядағы барша бұратана жұрттар обыватель правосында саналады, солай болған соң, олардың əлеумет істерін крестьяндардың əлеумет істерімен бірдей ету керек.

1901-ші жылғы 23 апрель законы бойынша Забайкальский облысында лауазым иесі адамдарды бекіту ісін генерал-губернатордан алып, крестьянский начальниктерге бергенде, бұрын губернаторлар бекітетін лауазымдарды крестьянский начальниктерге беру əбден дұрыс болса керек.

Сайлау еркін түгел жұртқа бергенде ескерерлік бір қолайсыз жері бар. Сайлауда партиялық себебінен тас бөлініп, екі жағының да кандидаты сайлауға жетерлік тас ала алмайтын, яки жұрт сайлауға тіпті, келмейтін жерлер де болады. Сондай орындарда хакімдердің қолынан келерлік ешнəрсе болмаса, хакімдер не істерін білмей, шарасыз болады. Ондай күй болмас үшін жоғарыда айтылғандай орындарда, яки сайлаған адам жарамсыз болған жерлерде хакімдер өз бетінен сайлап жіберуге ықтиярлы болса екен. Бұлай болғаны халықтың қалаған адамын қою правосын да кемітпес еді, керек орында жөніне қарай іс етуге хакімдердің қолын да бос қояр еді.

Сайлау һəм бекіту туралы өзгеріс болған соң, лауазым иесі адамдарды жазғыру, сотқа беру турасындағы областной правлениенің қарауындағы істер крестьянский начальниктердің уездный сиезіне ауысарға керек.

Əлеуметтік істердің бəрін крестьянмен теңеген соң, сайлауға жарарлық-жарамастық турасындағы шарттарды да теңеу тиіс. Крестьяндар лауазымға сайлау үшін бас праволарынан ада қылатын сотты болмаса, следствияда тұрмаса болады. Қазақтың сотпен жеті күн абақты кесілгені де, 30 сом штраф төлегені де сайлауға жарамайды. Бұл правосын кемітетін жазалар емес. Крестьяндардың правосынан ада қылатын істі болғандары ғана сайлауға жарамайтын болғанда, қазақтардың правосын кемітпейтін іспен сайлауға жарамай қалуы тарлық болады. Қазақты да правосынан ада қылатын істі болғанда ғана сайлауға жарамайтын ету тиіс.

Лауазым иелеріне жалования кесу туралы да əлеуметті ықтиярлы ету керек. Степной положениесінің 71-һəм 75-ші статьяларында көрсетілген шамалар аз əлеуметке ауыр, көп əлеуметкежұмысыкөп болғандықтан, аздық қылмақшы, сөйтіп, қарашығын, анау-мынау деген законның жолынан басқа жолмен жүргізбекші. Бұл туралы да крестьяндарша жалованияны əлеуметтің өзіне кестірген дұрыс болар еді. Бірақ лауазым иесі адам əлеумет жұмысының əр түрлі һəм көп болғандығынан өз шаруасын істеуге көбінесе қолы тимейді, зиян шегеді. Лауазым иелерінен əлеумет жалования кескенде, шаруасының зиянын өтерлік етіп кесерге тиіс. Сондықтан да крестьянский общий положениенің 96-шы статьясында лауазым иесіне кесетін жалованиенің міндетті мөлшерін хүкімет көрсеткен. Соны қазаққа да істеу тиіс. Жоғарыда айтылған өзгерістер толық болып табылмас еді, егерде қазақтың волостной сиездерінің құрылу реті өзгерілмесе. Осы күнгі закон бойынша волостной сиез елубасылардан құрылады. Елу үйден бір адам шығарып сиез құрудың түпкі мəнісі 1868-ші жылғы уақытша положение бойынша: Көп жиылған жерде жанжал шығады деген құп еді. Степной положениені шығарушылар ондай құп бұл күнде жоқ деп, ауылный сиезді ондықтардан құрмай, ауыл қол астындағы үй қожаларынан құратын етті. Ауылный сиездің толық болуы қажет болғанда, волостной сиездің де толық болуы қажет. Волостной сиезге елу үйден біреу емес, он үйден біреу жиылу тиіс. Сонда ауыл қол асты тегіс жиылғаннан көп кісі болмайды, 200 кісіден артық жиылмайды. Ауыл қол астының үй қожалары тегіс жиылғаны кұп болмағанда, болыс қол астынан онбасылар жиылуы да құп болмайды.

Жалғыз-ақ көшпелі болыстарға он үйден біреу жию қиын болар. Ондай болыстардан 20 үйден біреу келетін етсе де болады.

Қазақ билігі өзінің болмысына қарағанда, құрылысына қарағанда, баяғы франкылардың соты сияқты: уголовный һəм гражданский болып айрылмай, бəрі ақы даулау есебінде. Қылмыстыны іздеу жоқ, сұраушы, төлеуші ғана бар. Екеуінің қақы бірдей: бірі талапкер деп аталады, екіншісі жауапкер деп аталады. Істі қозғау, қозғамау талапкердің еркінде. Істің қаралуы көп көзінше, сот құрылысы талапкер мен жауапкердің айтысуымен болады. Айғақтардан сұралып, жан берушілермен бітеді.

Сөйтіп, қазақ соты ыспатпен анығына жетіп хүкім салмайды, екі жақтың біріне я антпен ағаруға, я антпен мойнына қоюға хүкім етеді. Ағара алмаған, яки мойнына қойылмаған күнде, пəлен болсын деп, рəсім жолын айтады.

Россия қол астына кіргенше қазақтың тіршілік істері ру ыңғайынша еді. Туысқан тұрмысы жөніне қарай ауыл-ауыл болып бөлінуші еді. Ауыл басы ақсақал болушы еді. Ауыл билігі ақсақалда еді. Малың рудыкі еді. Құнды туысқандары ғана емес, ру болып төлеуші еді. Айыпты болса, ру болушы еді. Айыптаса ру болып айыптаушы еді. Қысқасы, ру намысы, ру пайдасы болып жоқталушы еді. Іс күште еді. Қай ру көп болса, сол күшті еді. Күшті руды аз, нашар рулар жақтаушы еді, əйтпесе, бірнеше ру болып қосылып, өздері күшеюші еді. Ру ішіндегі екі адам арасындағы дауын, бір-бірінен көрген жəбірін ру басы, жұрт ағасы билер бітіруші еді. Руы бір болған соң, ру намысы, пайдасы бір болған соң, екі жақтың біріне де бұрмай, билер билігін рəсім бойынша тура айтушы еді. Екі рудың арасындағы, яки ру ішіндегі тайпалар арасындағы даулар да туралықпен бітуші еді. Өйткені ондай істер той, яки асқа жиылған жерде екі жағынан да би шығып бітіруші еді. Преступление (жазықты қылмыс) деген қазақтың қарауында жоқ нəрсе. Мал ұрласа, мал төлемек, кісі өлтірсе, құн төлемек, оның үстіне қосылатын жаза айып болған.

Қазақ Россияға қараған соң, жоғарыда көрсетілгенше хүкімет қазақты билеу һəм соты турасындағы істерін түзетуге тырмысты, өйткенде де бірте-бірте сақтау мен түзетуге қазақтарға жаңа жолдың пайдалы екендігін көрсетіп, ыспатпен иландырып түзетуге тырмысты. Сондықтан 1822-ші жылдың уставы қазақ қалыбының ретсіз жерлерін ғана: Өзді-өзімен жауласып күйзелген шаруаларын түзеп, ауқаттандыру үшін ғана өзгерістер кірігізді. Сол мəніспен қазақтың билігі өзгерілмей, бұрынғы билерінің қолында қалды, бірақ биге түсетін істердің бірсыпырасы, мысалы, кісі өлтіру, талау, тонау һəм патшалыққа қастық ету, хакімдерге қарсылық қылу істері билік қарауынан алынып, билік ауданы тарылыңқырады. Өзге істердің бəрі де қазақтың бұрынғы билерінде, қазақ рəсім жолымен бітірмегенде қалды. Хүкімге ырза болмаған жағы облыс бастығына толық дəлелімен арыз бермек. Облыс бастығы ол арызын қыр рəсім жолымен тексеру үшін окружный приказға түсірмек болды. 1868-ші жылы 21 октябрде шыққан уақытша положение қазақ билігін сақтай тұра, көп өзгерістер істеді, ол өзгерістердің болуы, əуелі, қазақ істері патшалық мақсаттарына тура келу үшін еді, екінші, қазақтың туысқандық жақындығының кемігендігі еді.

Сөйтіп, қазақ билері 3 жылға сайланатын болды, болыс басына 4-8 би қойылатын болды. Оларды бекітуші губернатор болды. Билікке сайлануға басы сотпен кірленбеген, следствияда тұрмаған, 25-ке жасы толған адам жарайтын болды. Қызметіне ақы есебінде бітірген істеріне сомынан он тиын «билік» ақы алатын болды. Сот дəреже-дəрежеге бөлінді. Бірінші дəрежелі сот 300 сомдық (15 жылқы, 150 қойлық) істерден артық қарай алмайтын болды. Бұл тұжырусыз билігі; тұжырулы билігі 30 сомдық іске ғана жүретін болды. Екінші дəрежесі волостной судиялардың сиезі болды, бұлар жеке бидің айтқан тұжырусыз билігін, яки 300 сомнан артық істерді қарайтын болды. Волостной судиялардың сиезінің тұжырулы билігі 500 сомдық (25 жылқы, 250 қойлық) іске айтылып, тұжырусыз істерін қарайтын үшінші дəрежелі сот областной правление болды. Областной правление волостной сиездің тұжырусыз билігін я бекітіп, я чрезвычайный сиезге жіберетін болды. Бұл сиездің басында уездный начальник, яки əдейі сиез басына жіберген чиновник тұратын болды. Чрезвычайный сиезге əр даугердің жағынан екі биден кем жиылмайтын болды. Волостной сиездің хүкіміне ырза болмаған арыздардан басқа, екі болыс, яки екі уезд қазақтарының арасындағы қаралмаған тың істер де қаралатын болды. Чрезвычайный сиездің билігі қанша сомалық іске де болса тұжырулы делінді.

қанша сомалық іске де болса тұжырулы делінді. Бұлардан басқа, екі жағының ырзалығымен түсетін қалау бидің (қойшы бидің) билігі дейтін болды. Мұнда қанша сомдық болса да, айтылған билік бұзылмайтын тыңғылықты. 1822-ші жылдың уставынан гөрі, 1868-ші жылдың положениесі народный соттың уысын тарылтты. Арам ақша жасау, қазынаны ұрлау, патшалық мекемелердің уставынан шығу һəм қызмет бабындағы жазықты қылмыстар народный сотқа берілмей, жалпы сотқа берілетін болды.

Онан соң, бұл положение бойынша болған зор өзгеріс – қазақтың жесір ісіне хүкіметтің қатысуы. Орыс хүкіметі қазақ ішінде мəдениет жайылуына тырмыса тұрып, əйелдерін қазақтар қалың малға мүлікше сатып алып, мүлікше мұра жолында тұтынуына шыдай алмады. Сондықтан билердің айтқан бітіміне ырза болмаған жағына уезге арыз беруге жол ашылды. Уезд халықтың рəсімінен тысқары кетпей, адамгершілікке тиісті жолмен хүкім етуге ерікті болды.

Осы түрмен народный сот 1891-ші жылға шейін келді. 1891- ші жылы 25 мартта патша хазіретінің бекіткен Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстарына шыққан положениесі бойынша қазақ сотына жаңа өзгерістер кіреді.

Дала облыстарының народный сотын өзгерту үшін степной положениені шығарушылар 1886-шыжылғы шыққан Түркістан положениесін алған. 1868-ші жылдан бастап, 1893-ші жылға шейін, – 25 жылдың ішінде қазақ ішінде мəдениеттің ілгері басқан еш нəрсесі білінбеген соң, 1868-ші жылғы положениеден бұрынғы қалыпқа қайта бой ұрады. 1868-ші жылдың положениесі, қазақ ішіндегі хакімдердің айтуынша, пайдалы болып шықпаған. Сондықтан степнойположениеде бұрынғыша народный сот екі түрлі қалыбында: жеке би, волостной судиялардың сиезі сақталады, екі болыс я екі уезд қазақтарының арасындағы істер үшін чрезвычайный сиез де сақталады, жесір дауынан басқа іске қалау би де сақталады. Жесір жұмысына хүкімет кірісуін де қояды. Өйткені халықтың рəсімін білмеген себепті начальниктер рəсімге қылап іс қылса, жұрт рəсіміне қол салған болып табылар һəм жұрттан наразылық шығар деген құппен.

Степной положениені шығарушылар істің қай сотқа тиісті болу жігін онша айырып ашпайды. Бұрынғыша уголовный, гражданский істер народный соттың қарауында тұра береді. Бірақ ырза болмаған жағының іздену жолын кеңітеді. Жеке билік билігі 30 сомнан, яки күн тұтқындықтан астам болса, тұжырусыз болмақ; ырза емес жағы екі жетінің ішінде волостной управитель арқылы билердің волостной сиезіне арыз береді (Түркістан положениесінің 233, 240 һəм 244-ші статьялары). Волостной һəм чрезвычайный сиездердің айтқан билігі тұжырулы; бұлардың билігіне ырза болмағандар законнан тысқары, яки народный сотқа тиіс емес орында салған хүкімдеріне – уездный, бұл күнде крестьянский начальниктер арқылы окружный сотқа жеткізбек үшін прокурорға арыз бермекші.

Народный сотты халық рəсіміндегі қалыбынша сақтамақшы бола тұра, закон шығарушылар қазақ жұртын орыс законына үйір қылмақ ойларын да тастамайды. Өйту үшін қазақтың сот ісіне мақсатына жетерлік түрлі өзгерістер кіргізеді. Осы тақырыбынан қазақтарды орыс законы бойынша орыс сотына берерлік істердің ауданын кеңітті (Түркістан положениесінің 141 һəм 142-ші статьялары). Жəне де екі жағы тілесе, істері каронный (патшалық) сотта қаралуына да ықтимал жол ашылды (215-ші статья). Онан əрі жазықты адамдарға билер уголовный положениедегі жазаларды кесуге жол берілді (219-шы статья). Ондағы мақсат қазаққа жазғыратын жаза барлығын білдірмек, танытпақ еді. Онан басқа, соттың құрылысына да бұрынғыдай жалғыз ауыз билік айтумен қоймастай тəртіптер кіргізді (227- ші статья).

Бұларға жəне қоссақ: 1891-ші жылдың положениесінің қазақ билерінің санын көбейтіп, ауыл басына бір биден болатын еткендігін, болыс қол астындағы істің қайсысына да болса, ауылының басқалығына қарамай, қай би де болса жарайтын еткендігін, екі жағы бірдей қалап тұрса, қай биге де болса түсуге ырық бергендігін, екі жағы қаламаған күнде, талапкер жағының қалаған биіне түсуге һəм жауапкерге талапкердің қалаған билерін себебін айтпай екіге шейін шығарып тастауға мұршалы еткендігін (232-ші статья); қай сотқа қарау турасында гражданский істер тақырыпты жазықты қылмыстың болған болысындағы сотқа берілмекші еткендігін (214-ші статья). Сонда қазақ даласындағы осы осы күнгі соттың жайы тамам болады. Соттың адал болуы жағынан бұл сияқты сот қалай көрінгені, халыққа қандай жағымды болып табылғаны, қазақты орыс мəдениетіне, адамшылығына қосуға көздеген патшалық мақсаттары қанша табылып тұрғаны, 1891-ші жылғы 25 март положениесінің 20 жылдың ішінде өндірген ісінен һəм қазақ ішіндегі хакімдердің народный соттың кемшілігі тақырыбынан берген мағлұматтарынан көрініп тұр.