ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Қанатты сөздер

Сөзбен үйреніп, сөз жүзіндегі іске шебер болуға болады, бірақ тіршілік ісі жалғыз сөз жүзінде емес. Сөзге қарамайтын тіршілік істері толып жатыр. Ол істерге істеп, үйреніп, шебер болмаса, сөзбен үйреніп шебер бола алмайды


* * *

Ұлы істердің əдісі де ұлы болады. Ұлы əдісті үйрету де, үйрену де қиын болады. Ұсақ істің істеу мəнісін білгенмен, істеу əдісін білмей, дұрыстап істеуге болмаса, ұлы істі дұрыстап істеуге болар ма?


* * *

Əдіссіз тек мəніс білімі – өлі білім. Тіршілік – тірлік шарасы. Тірлік шарасына үйрететін білім тірі білім болу керек. Ондай білімді адам мəніс білімі мен əдіс білімін қатар үйренгенде білмек


* * *

Ең əуелі, бəрінен бұрын тазалықтың қадірін біл! Тəн саулығының тамыры тазалықта, жан сұлулығының тамыры тəн саулықта


* * *

Аштық ақылын алмаса, адам аң дәрежесіне жетіп, хайуандықтан да асып, бірін бірі жер ме еді? Анасы балысын жеуге келгенде, ол анада ақылдан түк қалды деуге болар ма?


* * *

Қалам қайраткерлерінің жұмысы – әдебиет, әдебиетсіз оқу қуаттану жоқ, оқусыз мәдениет қуаттану жоқ, мәдениет қуаттанбай қазақ қорлықтан, зорлықтан құтылу жоқ. Орыстан қазақтың көріп отырған отаршылығы, омыраулығы қазақ мәдениеті орыс мәдениетінен төмен болғандықтан. Азаттық асылы мәдениетте, мәдениет күшейуінің тетігі – оқу мен әдебиетте


* * *