ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Қанатты сөздер

Сайлау деген – өзіңе берген ықтияр


* * *

Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап


* * *

Өткендердің көзіне қырау түскеніне өкінбей, өз көзіңе түскен қырауды аршып қара


* * *

Еңбексіз егін шықпайды, терлесең, терің тегін қалмайды. Телміріп алған теңгеден тер сіңірген тиын жұғымды


* * *

Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы


* * *

Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын. Бала деп бағып оқытып, адам қылғаннан кейін жұртым деп танымаса, сонда өкпелеу жөн ғой


* * *