Қанатты сөздер
Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі
* * *
Адасқанымызды байқағандарымыз, бетімізді түзу қойып, жөн мынау делік, ерген – ерер, ермеген – қалар. Адасқанменен бірге адаспай, тым болмаса өзіміз жөнімізбенен өлелік
* * *
Жаман іс әркімнің қолынан келеді, жақсы істің қолдан келуі қиын
* * *
Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді
* * *
Қазақтың білімді адамдары жамандық істесе де халық оған сүйінеді, келістіріп істеген себепті. Өзге жұрт білімді бұзықтыққа жұмсағанға күйінеді, біз оған сүйінеміз. Бұл адасқандық емес пе?
* * *
Қазақта білімді адам жоқ емес көп, бірақ солардың көбі, құты, бəрі білімін халалға емес, харамға жұмсап ғадеттенген
* * *