Қанатты сөздер
Қалық ықыласы түспеген газета һәм кітаптар қалыққа тарап, оқылмайды
* * *
Қазақта газета, журнал, кітаптар жоқ кезінде жоғалмаған тіл газета, журналы шығып, кітаптары басылып, жылдан-жылға ілгері басып келе жатқанда қазақ тілі жоғалмас
* * *
Қазақты дінінен айыруға болмаса, жазуынан да айыру болмайтын жұмыс
* * *
Бастауыш мектептер жалғыз хүкімет пайдасы үшін болмай, халық пайдасы үшін де боларға керек
* * *
Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білімдер де сондай керек. Осы заманда хат білмеген адамның күйі тіл я құлағы, я қолы жоқ адамның күйімен бірдей; мұнан бұлай хат білудің керектігі онан да аспақшы
* * *
Жел кемесі болса да от кемені іздеген, атарбасы болса да отарбаны іздеген, енді көк кемесін іздеп жатыр. Осының бəрі де жақсыдан да жақсыны іздеу, тараққи жолы
* * *