ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Қанатты сөздер

Түріктің тұнық тілі, түзу емлесі қазақта


* * *

Егерде Гаспиринскийдің сөзін тірілтеміз десек, ұлығ іс үшін ұсақ намысты қойып, түріктің тұнық тілін, түзу емлесін алу керек. Сол екеуі де қазақтан табылады. Азбаған асыл тілден емле шығарып, соған қарап басқа емлелерді түзету керек


* * *

Асыл тіл, түзу емле қазақта боларға тиісті. Неге десек: ата кəсібін тастамай істеп келе жатқан – қазақ. Басқа жұртқа араласпай, өз алдына оңаша, оқшау жүрген – қазақ. Жат жазудың ыңғайына қарап, басқалардан тілін бұзуға, арасына жазу жайылмаған түрік баласы – қазақ


* * *

Жат жазудың ыңғайына қарап, басқалардан тілін бұзуға, арасына жазу жайылмаған түрік баласы – қазақ


* * *

Тілдің ғұмыры ұзақ. Оның жолы жылдап емес, жүз жылдап емес, мың жылдап саналады


* * *

Бұл күнде айанбай жатып қалған жұрт, кетіп бара жатқан жұрттардың айағының астында қалмақ. Қазақ қалқы болып жасаймын десе, ілгері ұмтылып талпынатын кезі осы


* * *