ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Қанатты сөздер

Ана тілінің үйретуі əліб-биден басталады


* * *

Қазақ алдақашан тілінде қандай дыбыстар бар екенін айырған, əр дыбысқа белгілеп таңба арнаған. Оқуымызға онымыз жақсы, жазуымызға тағы жақсы, үйрету жағынан орыстыкінен, немістікінен, француздыкінен, ағылшындыкінен оңай, оңтайлы


* * *

Əліп-би деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы


* * *

Бала білімді тəжірибе арқылы өздігінен алу керек


* * *

Көңіліміз тілегенмен қолымыз жетпейді. Іске жалғыз көңіл емес, қол да керек


* * *

Аш адам астың бабы мен дəміне қарамайды. Қазақ оқу жағынан қандай ашығып отырғанын топырлап мекеме алдын тоздырып, оқитын орын таба алмай жүрген қазақ балалары көрсетіп отыр. Сол ашығып отырған қазаққа бабын-дəмін келтіріп соңыра беретін асыңнан, бабы, дəмі кем болса да əзір берген асың артық. Тамақты қарны тойыңқырап, қанағаттанған кезде талғайды


* * *