Қанатты сөздер
Қазақтың бас адамдары! Əуелі, сіздер адаспаңыздар, адаспас үшін ақылдасып, ойланып, ынтымақпен іс етіңдер
* * *
Қазақ арасында білім жайылуына, әуелі, оқу үйренетін орындар сайлы болу керек, екінші, білім тарататын кітаптар жақсы боларға керек һәм халық арасына көп жайыларға керек. Осы мақсатқа жетуге зор себепкер болатын істің бірі – білім жарысы
* * *
Білімнің бас құралы – кітап
* * *
Ғылым, өнер артылған сайын дүниада бейнет кемімекші
* * *
Ақылдың ауанымен санағанда, астың шын мағынасы босқа мал шашу болып шығады. Ат шаптырып, ас берді деген бес-он жылға ат қалады. Қазақ жомарттығының түрі һәм оның ақырғы тиімі осы
* * *
Істің басы түзу басталса, барысы да түзу болмақшы
* * *