Қанатты сөздер
Мойындағы борышты білу – білім ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі
* * *
Баланы ұлша тəрбиелесең ұл болмақшы. Құлша тəрбиелесең құл болмақшы
* * *
Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс, үлкен жұмысқа көп жұмысшы керек
* * *
Білім үшін, әуелі, керек қылу шарт, екінші, жаһат ету шарт
* * *
Өткен – өтті, іздегенмен таптырмайды, қуғанмен, жеткізбейді. Өткенді қуғанды қойып, осы күйіңді түзеуге жөн іздеу тиіс
* * *
Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай, түзу істеңдер. Сендер адассаңдар, арттарыңнан алаш адасады. Арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар
* * *