Қанатты сөздер
Қазақ – жоқшы, жоғын іздеген қуғыншы. Қуғыншы қандай болса, мал қайтпақшы?
* * *
Ноқталанғанша һәм ноқталанғаннан кейінгі істелетін істер басқа-басқа
* * *
Қазақ өзі теңеліп ақысын ауыстырмайтын дәрежеге жеткенше қазаққа қай жағынан да болса теңдік жоқ. Жұрт қолы теңдікке теңелсе жетеді
* * *
Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді
* * *
Оқу жұмысының үш жағы үш нәрсеге тіреледі; бірі ақшаға, бірі құралға, бірі мұғалімге. Осы үш тіреуі бірдей тең болса, оқу қисаңдамай, ауытқымай, түзу жүреді
* * *
Халықтың есі енуі баланың есі енуі сиақты: бірте-бірте, ақырындап болмақшы
* * *