ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Қанатты сөздер

Законның асыл түбі, әуелі, күкімет пен халық арасына салатын, екінші күкіметке қараған адамдардың араларына салатын жол


* * *

Əркім жалғыз өзім демей, өзгелер жайында ойлап, пейілін кеңге салып іс етпесе, жұрт жұмысы түзелмейді. Жұрт пайдасын аяғына басып, бетімен жайылатындарын қайырып, үйірге кіргізіп отырмаса, бір қойдың қотыры мың қойға жұққан сияқты, бір адамның кесірі мың адамға тимекші


* * *

Жұрт істеп отырған ісін қисық я түзу деп айту ғана қолымыздан келеді, істеткізбей, тоқтату қолымыздан келе ме?


* * *

Өткен – өтті, іздегенмен таптырмайды, қуғанмен жеткізбейді. Өткенді қуғанды қойып, осы күйіңді түзеуге жөн іздеу тиіс


* * *

Мал бағу қазақтың көптен істеп келе жатқан ісі, ата кәсіп


* * *

Шашқан тұқым жас бала, малдың жас төлі сияқты, орны жайлы, тамағы тоқ болса, жақсы өседі


* * *