ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Қанатты сөздер

Адам да, ақша да бірдей сай болса, іс сайлы күйінде жақсы жүрмекші. Бір жағының кемшілігі істің барша жағына кемшілік келтіреді


* * *

Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек


* * *

Абай сөздері дүнияда қалғаны – қазаққа зор бақ


* * *

Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек


* * *

Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыларды да сынайды


* * *

Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан басқа бұрынғы-соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ


* * *