ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Қанатты сөздер

Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы үйретуден аз да болса анықтап нық үйрету абзал


* * *

Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше əуелі өз тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқыту тиіс


* * *

Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі


* * *

Жұрт үшін шығарылған нәрсе жұртқа жақын болуы тиіс. Аспандағанмен жерден алыс кете алмаспыз. Артылдық дегенмен елден алыс кете алмаспыз


* * *

Оқыған жастарымыз қазақ тілінен жиренсе, қарттарымыз мың жасауға болмаса, қазақ тілі жан сақтайтын орын жоқ


* * *

Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұрты қосамын дегендер ең әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады


* * *