ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Қанатты сөздер

Адам еркіне ұзақ уақыт бойы əсер еткен сезімдер оның жанына өте терең еніп, дағдыға, салтқа айналады да содан соң іргетасын қиратып, тірегін шайқаса да өзінің орнын қорғай береді


* * *

Жаңа шындықты түсіну үшін секунд де жетіп жатады, ал оған бой үйретуге, оны игеріп кетуге ондаған жылдар аздық етеді


* * *

Жазу дегеніміз – дыбыстың таңбасы. Əр дыбыстың əр елдің таңбасындай таңбасы болады


* * *

Адамның өзінде кәмілдік болмаған соң, ісінде де кәмілдік жоқ


* * *

Шабыттанып істемеген іс оңды да болмайды


* * *

Қазақ тілі – түркі тілінің бір тарауы


* * *