ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ


    ...Ал эми Рево­люциядан кийинки мезгилде, мектепке арналып жазылган тил куралдары, башка да окуу китептери – кыргыз мектептеринде негизги курал болду. Айрыкча илимпоз Ахмед Байтурсуновдун Тил – курал аттуу китеби кыргыз мектептеринде негизги окку китеби болду...

    Қарасаев К. Кудайберген аганы эскерип // Құдайберген Жұбанов // Жинақтаған: С.Жұмағұл, ф.ғ.д., профессор

    ...Аса кішіпейіл, кез келген адаммен, үлкен болсын, кіші болсын, айтқанын зейін қоя тыңдап, жөн сөйлеуші еді, оның үстіне өте қайырымды адам болатын... 1923 жылы ғой деймін, әлгі институтта оқып жүрген бір бала қайтыс болып, алыстағы әке-шешесі келген. 1921-1922 жылдардағы жұт, аштықпен қатар жайылған сүзек ауруынан, жаз шыға тырысқақ (холера) ауруынан халық шыбындай қырылған. Сондықтан ел өте күйсіз. Әлгі қайтыс болған баланың елден келген әке-шешесінің қаржысы болмаған соң студенттер комитеті жылу жинағанда Ахаң 25 сом беріпті. Червонец дейтін алтын орнына жүретін жаңа ақша шыққан, ол кездерде әлгі жиырма бес сомға ортан қолдай бұзаулы сиыр алуға болатын. Міне, Ахаңның адамгершілігінің үлгісі осындай болатын...

    Ахмедов Ғ. Таңдамалы шығармалар жинағы. Екінші том. Естеліктер мен тарихи деректер. Жинақтаған: С.Жұмағұл, ф.ғ.д., профессор

    1935 жылы Калинин көшесі мен Красина көшесінің бұрышында шағын екі қатарлы ақ үй болды. Ол тубдис­пансер деп атайтын. Бір уақытта аппақ қудай кішкентай шоқша сақалы бар, қолында қарына ілген таяғы бар мәдениетті өте бір маңғаз адам бір қолтығында журналы мен газеті бар келді. Анадай жерде тіркелетін жер бар, тіркелді. Ешкім оны адам да деген жоқ, оған орын да берген жоқ. Ол кісі жұрттан орын да сұраған жоқ. Сол тіркелетін жердің мынадай жерінде бір жуан еменнің тұғыры жатыр. Сол тұғырға апарып газетінің біреуін төседі. Соған отырып, газет-журнал қарап отырды. Көзінде әлгі қыстырма көзәйнек киген, бір жағында бауы бар. Ахаң екенін бірден білдім. Алдында бір рет көргем Ахаңды. Енді қазір ойлап отырсам сонда анау қирап отырған орындықтар бар, скамейкалар бар біреуіне бір адам тұрып мынау үлкен кісі мына жерге отыр деген жоқ қой. Маңдайға басқан марғасқаларымыздың бір кезде сондай дәрежеде жүргенін де көрдік...

    Халила Омаровтың Атамекен фильмінен. Жинақтаған: С.Жұмағұл, ф.ғ.д., профессор

    ...Бұл бір жаратылысы бөлек – сырбаз, кербез, аса мәдениетті, білгір, салмақты, мейірімді адам көрінді маған. Жазушылар одағындағы жиналыстардың төрінен орын берілетін. Ол бет орамалын біресе оң, біресе сол қалтасынан суырып, кең маңдайын сүртіп, пен­сенесін (көз әйнегін) қозғап қойып, мұңлы, ойлы көздерін залға қадап отырушы еді. Алла тағала Ахмет Байтұрсынұлына терең ойлы біліммен бірге ажар-көркін де молынан сыйға тартқан

    Марат Мырзағұл Телжан Шонанұлын ұмытқан жоқпын

    Халық жазушысы Дм.Снегинмен сұхбат ) // Телжан Шонанұлы мұралары (шығармалар, зерттеулер және мақалалар). Жинақтаған: С.Жұмағұл, ф.ғ.д., профессор

    Видел Ахмета Байтурсынова в Пушкинской библиотеке еще в ученические годы. Он выступил там с речью. Мне показалось, что лицом он больше смахивает на русского...

    Сманов Б. Правда, как солнце: ее ладонью не прикроешь (Беседа с Д.А.Кунаевым). Жинақтаған: С.Жұмағұл, ф.ғ.д., профессор