ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Алашқа

Еуропа соғысы жер жүзіндегі адам баласын ұрандастырды. Азбын, көппін демей, бәрі де қанына, не көршi намысына шауып жатыр.

Қаратаулық, Сербиа, Болгариа, патшалы слауиан жұрттар, Босниа, Гертсигоуина, Чех, Галитсиа, Полк бөтен патшаға қараған слауиан жұрттарды қандасы біздің Русиаға ағайындық түрінде, әдіс қылып, казына қосып, көмек беріп жатыр. Белгиа, Франсиа, Румениа, Италиа – роман жұрттары қанына тартып иә тайағын бiрге соғып, иә абыройына тілектес болып тұр. Италиа қанына тартқандықтан, оғым Франсиаға тиеді деп, Германиамен байласқан уағдасын бұзып, болыспай қарап тур: Румениа каролі Фарл Германиа патшасы Вилгелмнiң немере ағасы. Жұрты соңынан ерсе, Фарл Германиаға болысып, соғысқа байағыда-ақ кірісетін еді. жұрты роман болып қолын байлап тұр. Балғариа патшасы неміс, жұрт слауиан бұда амалсыз Румениа каролының кебін киіп отыр. Франсиа, Германиа тефтон тұқымы болып, бірге өлемін деп, тізе қосып соғысып жатыр.

Русиа қол астындағы барша атасы бұратана жұрттар – қорадан өрт шықты, бірігейік, үй арасындағы кемшіліктерімізді қойа тұралық деп, бізді өгей бала есебінде ұтасаң да, жау тигенде орыстың өз баласынан кейін емес біз деп, әр халық өз әлінше қазына, тілек, көмек көрсетіп жатыр. Соғыс жолында осындай көмек көрсетіп жатқан жұрттар: еурей (иаһұд), біздің ноғай бауырлар, әрмән, шеркес, грузин, қарайым, қалмақ, сарт.

Торғай, Орал, Астрахан қазағы Бөкейліктер болмаса, өзге жерде біздің қазақ қазына қосып, көмек бергені білінбей тұр.

Русиа қол астында қазақтан үш арыс орыс: уеликиорыс, малорыс, белорыс, полак һәм еурей ғана көп. Адам санасқан жерде, Русиада біз 6 нші жұртбыз. Қазана жиылған қоры көп шаһарларды қойып, іргелі мұжықпен ауылдағы ноғай, башқұрттармен байлық салысқанда, қазақ олардан көп есе қазыналы болады.Еурей, әрмән, ноғай, башқұрт, сиақты біз салдат беріп, мемлекет үшін қан төгіп отырғанымыз жоқ. Біздің Алаш баласы, қазына қосып, соғыс туралы мемлекетке көмек беру міндет. Бұл туралы қазақар сиез қылып, жиыламыз десе, тоқтау болмас. Уиез-уиезде сиез құрып, ат жиып ба? Ақша жиып па? Жәрдем беру турасын сөйлесу керек.

Біздің ойлауымызша былай ету: ақша көмегін пригоуормен үй басына салу, түндік ақшамен бірге жиу, казнашейстуаға тапсыpy, тапсырғанда қай орынға тиiстi екендiгiн атау. Қазақтың көмек ақшасы, біздiң ойымызша, Думадағы қазақты бiлетiн мұсылман депутаттарының, нә тәрқы партиа депутаттарының, иәки кадет партиасының депутаттарының аттарына, земскій сайоздың басындағы кiнәз Георги Евгеневиш Алов атына арнап казнашейстуаға салыну тиiс. Мынау жаралыларға, мынау соғысқа кеткендердiң қатын-баласына деп. Ат берушілер өз жеріндегі әскербасы төрелерге тапсырса болады.

Араларыңда көрші отырған переселен мұжык жігіті соғыска кетіп, шаруасы қаран қалды. Жерін жыртып, пішенін шауып, астығын тасып, малын бағып, оларға да қарасу жен. Соғыс бітер. Мен қан төгіп келдім, сен қазақ не қылдың дер. Сонда мынау қылған жақсылықтарың алдынан шығар: «Бір күн сыйлағанға қырық күн сәлем» деген. Кай көмектер де болса астарсыз емес.

Ахмет, Міржақып, Қыр баласы. «Қазақ» газеті, №78. 16 сентиабр 1914.