ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Орынборг, 9-ншы иәнуар

«Қазақ» газетасы көздеген максұтына жету үшiн шыққаннан берi күш-қуатын жұмсады және жұмса- мақшы. Бiр жылдын iшiнде «Қазақ»-та қаламымен қызмет еткен және мұнан бұлай да пайдалы қызмет- тері үміт етiлiп, Алашқа аты бiлiнген бiлiмдi азамат- тар: Ахмет Байтұрсынов, Ғалихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, доктор Әбубәкір Алдиаров, доктор Арғынғазы Поштаев, доктор Халел Досмұхамедов, доктор Даулетшаһ Күсепғалиев, доктор Бекиуеч, присиажени поверени Райымжан Мәрсеков, инженер Мұхаметжан Тынышбаев, қазақшыл Хасан Ғали, студент Есенғали Қасаболатов, шежiре Шаһкәрім Құдайбердин, Ғабдулғазиз Мұса, Ғұмар Қарашев, Жұмағали Тiлеулин һәм басқалары.

«Қазақ» газетасын 10 облысқа қараған кигiз туыр- лықты қазақ байдын баласынан 1913-ншi жылдың iшiнде алдырып тұрғандардан есебi мынау:

1) Торғай облысы – 694

2) Семей « « – 612

3) Ақмола « « – 586

4) Сырдариа « « – 327

5) Орал « « – 301

6) Жетісу « « – 157

7) Ішкі ордалық « – 136

8) Ферған « « – 30

9) Самарқан « « – 8

10) Закаспи « « – 5

Өзге жерлерден:

1) Орынборг шаһары – 37

2) Уфа « « – 14

3) Қазан « « – 13

4) Қытай қазағы « – 10

5) Петербург « « – 9

6) Түркиа « « – 5

7) Мәскеу « « – 3

8) Томскі « « – 3

9) Және басқа шаһарлар – 57

Бәрi – 3007

«Қазақ» газетасының мақсұты қазақ-қырғызға қызмет және басшылық ету болғандықтан, Алаштың ардақты азаматтарынан өтiнемiз, 1914 жылға қарсы бұрынғы жазылғандардың мезгiлi толса жаңадан жазы- луларын һәм бұрын тiптi жазылмағандардың газета- мызды ендi алдырып танысуларын.

Газетаның жылдык бағасы 3 сом. Жарты жылдығы 1 сом 75 тиын. Адресiмiз: Оренбург, Редакциа газеты «Қазақ».

Басқарма.

«Қазақ» газеті, №45.9 иәнуар 1914.