ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Бас қосуға рұқсат берілмеді

«Айқап» журналының 16-шы нөмірінде Жанша мырза Сейдалиннің Қостанай уезіндегі қазақтардың басын қосып, болашақ сиезге прогырамма жасаймыз деген сөзін оқып едік. Сол айтуы бойынша Қостанай шаһарында октиабр басында болатын Покыров жәрмеңкесіне барып, көшпелі иа отырықшы болу жайын кеңесу үшін ақсақалдардың басын қосуға деп, Жанша мырза Сейдалин Торғай губернаторынан рұқсат сұраған екен. Рұқсат берілмепті.

Біз бұл хабарды «Уақыттан» оқып, онымен қатар алынған «Айқап» журналының 17-ші нөмірінде бұл туралы ешбір сөз жеңіл қарағанмен, ондай жеңіл бола қоймас. Қазақта кемшілігі басынан қайдан шыққан қабар екендігін сұрастырып едік, олар бұл қабарды «Русское слово» газетасынан алған екен.

«Русское слоуоның»қабарлары ұшқалақ болушы еді деп, оған қанағаттанбай, нағыз анығын білетін орындардан сұрап, әбден анығына жеттік. Рұқсат сұралғаны да, рұқсат берілмегені де рас екен.

Сиез деген сөз бастаған кезде заманның түріне қарап, тынымы осылай болар дегенімізде, жұрттың көбі жаратпай, құр әншейін сары уайым, сар қайғы, тартыншақтық, қорқақтық деп, бірсыпыралары құр алауыздық, ұйым бұзарлық, сөз жарысы, ерегіс деп, кейбіреулері сиезді біз керек қылмағандай көріп, кейбіреулері жұрттан сиезді біз бейне қызғанатындай көріп еді. Бірақ онымыз бұл айтқандардың бірі де емес еді. Сиез жақсы нәрсе, керек нәрсе, бірақ жақсы нәрсенің жасалуы қиын болатындығын айтып едік, біздің сөзімізді жұрт теріс түсініп, ойымызды қисық жорып, қыңыр қарап, алауыздыққұлауыздыққа санап бара жатқан соң, біздің міндетіміз білгенімізді айту еді ғой, айтарымызды айттық, мойыннан борыш түсірдік, алмаса, жұрттың өзінен қалар, сиез болса, соқырдың тілегені екі көзі, болмаса, жұрт болмағанын көрер, айтқанымызды алмаса, біз-ақ жұрт ауанымен бола қойалық деп, сөз көбейіп бара жатқан соң, сөзді қысқарту үшін біз де сиезшілерге қосылып, қолдан келген көмегімізді істеуге бел байлап едік. Он облыс қазақтың жиылысы түгіл, бір уезд қазақтардың бас қосуына рұқсат бермей отыр, бұл екі сиез арасы жер мен көктей. Облыс жиылысы айтқан ауызға оңай, жылында, айында, күнінде болып жатқан қазақтың ауылнай, уалостный сқодтарындай иашерезуытшайный сиездеріндейақ көрінеді, істей бастасақ, бұлардан он облыс түгіл, бір уезд жиылысы да бөтен болып шығады.

Бас қосу жақсы нәрсе (жұрттан ондай жақсылықты неге қызғанайық), бірақ жақсы нәрсенің қолға түсуі жаман нәрседен гөрі қиынырақ болады. Біздің айтқанымыз да сол қиындығы еді.

1913 ж.