ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Қазақ жерін алу турасындағы низам

Қазақ пайдасындағы жерлерді алады, қыстауларынан көшіріледі, қай жөнмен алып, қай орынға көшіреді – оны қазақ білмейді. Жоғарғы хакімдердің қазақ жері турасында шығарған низам, бұйрықтары болса да, ол бұйрықтарды мұндағылардың қайсылары орнына келтіріп, қайсылары орнына келтірмейді. «Қазақ жол ретін білмейді», – дейді де, біреулері жолменен істемей, жосып, бетімен кетеді. «Мынауың жолсыз ғой», – деп, қазақ дауласа алмайды. Білмейтұғын қазаққа бəрі жолды болып көрінеді. Сондай жолсыз істерден орынсыз жəбір көріп, əуре болып жүрген қазақтар көп. Қыстау салған жерінен айрылып, қыстайтұғын жаңа жерді общества бермей, жер алып беріп орналастыруға міндетті мекемелер оған қабырғасы қайысып қайғырмай, екі жыл, үш жыл, төрт жыл пішен шаба алмай, егін сала алмай, отырарға орын таппай сандалып жүрген қазақтарды көз көріп тұр. Қазақ жерін алу турасында шыққан низам, бұйрықтарды қазақ білсе, осындай жəбір көрушілер азаяр еді деймін. Жол бойынша: қазақты қыстауынан көшірмей тұрып, жаңа жерден орын сайлап беруге міндет, қазақ көшкенде даярлап, шығарып, белгілеп берген жерге көшпек. Жаңа жер бергенше орнынан қозғалмасқа. Бұл жолды білмей, «мұжық қуып шығарды, пəлен қуып шығарды, отыра алмадық» дейді. Мұжық болсын, басқа болсын, низамнан күшті емес. Жолды іске көнуге, жолсызға көнбегеннен ешкім айыпты болмайды. «Үй-мүлкімізді көшіргенде дұрыстықпенен кеспеді, арзан бағалады» деп жүрген қазақтарды да көреміз. Осылардың барлығы да қазақтың жол білмеген нашарлығының кесапаты.

Жалпақ жұрттың бəрі болмаса да, жалғыз-жарым азы да болса, пайдаланар деген ниетпен қазақтың жерін алу турасындағы шыққан низам, бұйрықтарды қазақшаға аударып, бірте-бірте жұрттың құлағына тигізбек ойым бар.

Ауған мұжықтарды қондыру үшін һəм мемлекеттің басқа керегіне қажет орындар алар үшін Ақмола, Семей, Торғай һəм Орал облыстарындағы жерлердің шамасын білмекке.

Жасалып, 1909-шы жыл, 9-шы июнде Министрлер Советі ұнатып шығарған инструкция, яғни насихат бұйрығы:

1-пункт: қазақ пайдасындағы жердің артықтарын мұжықтарға патшалық керегіне шығару жолы Тобылск, Томск, Енесейск һəм Иркутск губерналарды жер кесуге шығарған низамның 5 24, 127, 129, 130, 134, 154-ші статьяларының жөнімен бөліп, осы насихат бұйрықтың 2-ші пунктінен бастап, 19-шы пунктіне шейін айтылған жолдардан тысқары кетпеске.

2-пункт: қазақ пайдаланып отырған жердің мемлекет билігі жер шығарғанда, қазақтардың қазіргі күн көріс халына қарай, шаруасына жетерлік жер қалдыруға. Қазаққа қалғанда жететұғын шамасын, өздерінің жерлес отырған ыңғайына қарап, тап-табына бөлек мөлшерлеуге.

3-пункт: қазаққа жетерлік жер деп шамалағанда өлшеуіш болатұғын сол жердегі қазақтың тəуір ауқатты деген үйінің шаруасына жетерлік жер. Бұлай еткенде, жердің қай шаруаға жарамды һəм қазақтың қай шаруасы қай қалыпты, яғни отырықшы болып, мал бағудан нағыз егінші болуға тұрмысы қанша жақын я алыс. Қыстаулық, жайлаулық жерлерін қазаққа бөлек қалдыру керек орындарында: қыстаулығын өз алдына, жайлаулығын өз алдына мөлшерлеп қалдыруға, жайлауда аз, көп отыруына қарай.

4-пункт: қазақтарға қалатұғын жердің шамасын анықтап білу үшін Жер министрінің əміріменен əр түрлі жұмыстар болады: жердің түрін, түгін, елінің ыңғайын, жігін, жанын, малын, шаруа қалыбын білуге. Мұныменен көрінеді: а) қаралмыш жерді шаруасы бар қанша үй пайдаланып отыр, арасындағы қонақтардыбасқакөрсеткенде; б) қаншаеркекжаныбар; в) бағылатұғын қанша малы бар; г) жыртатұғын жері қанша, шабатұғын жері қанша; д) мал, егін, пішен елдің ауқатына қарай бөліп таратқанда қаншадан келеді; ж) қандай шаруаға, қанша жер қолайлы екендігі; з) судың даяр, даяр емесі; к) бір бас малды асырауға қанша жайылым, қанша шабын жер қажет һəм орта ауқатты шаруашылықпен күн көруге қанша мал жеткілікті.

5-пункт: қарастырып, сұрастырып, есептеп білгеннен кейін, жерді қай шаруаға жарамды түріне қарап тілім-тілім бөледі һəм əр тілімге өз алдына норма, яғни план десятина жер шаруа басына я жан басына деп, мөлшер істейді. Жасалған норманы генерал-губернаторға қараған облыстарда генерал-губернатор, ол жоқ облыстарда областной правлениелер Жер министрінің бас мекемесіне тапсырады. Өз ойларын қоса айтып, оны Жер министрінің мекемесі министрлердің советіне кіргізеді, бекіту үшін.

6-пункт: қазаққа мөлшерлеп қалдыратұғын жердің есебіне қолайсызжерлер кірмейді. Мысалы: сулар, құмдар, ащыкөлдер, керуен жүретін, мал айдалатұғын жолдар; бұл жолдардың ені жайлаулық жерде шақырым жарымнан аспайды, қыстаулық жерде иə қазынаға алынған жерлерде жүз сажыннан аспасқа

7-пункт: жер ыңғайыменен бөлген жерлес ауылдардың шаруасына жеткілікті деп қалдырған жер жеткіліксіз болса, араларында малдары көп бай болғаннан һəм егетұғын егіні, шабатұғын пішені көптіктен, ол ауылдарға мұқтаждығына қарай шамалап, 5-ші пункт бойынша қалдырған сыбағалы жердің үстіне қосымша артық жер қалдыруға болады. Мұндай артық жерді қалдырар-қалдырмас билігі министрлердің советінде.

8-пункт: қазаққа жеткілікті жер қалдырғанда (5-ші пункттағы айтылған), көп ортасындағы жайлау жерді иə қыстау қасындағы жайылым жерді, сол арадағы жер кіндік елден басқа, көшпе, келімсек елдерде пайдаланып жүрген болса, сол жердегі шаруаға қалып етілмес мөлшерменен көшпелілерге де жер қалдыру керек. Олардың отыратұғын уақытына қарап һəм соңғы жылдарда көшіп келіп жүрген үйлердің санына қарап.

9-пункт: қазақтан артылған жерді патшалық керегіне алғанда, бұл алатұғын жерлер қазақпенен аралас болып, араларын үзіп, қатынастырмастай болмасын.

10-пункт: патшалық алатын жер мен қазақ пайдасына қалатұғын жерлердің жігін ашқанда, 11-ші пунктте айтылған орындарда болмаса, сөзсіз қазақтың өзінде қалуға тиісті нəрселер: а) қазақтардың орнығып, қора-қопсы, үй салып, қыстау еткен орнындағы жер; б) қазақтардың өз күшіменен қазылған арықтары, істелген бөгеттері (байланған тоғандары); в) жеміс ағашы егілген жерлері; е) егіндік, пішендік жерлер, егінге иə пішенге қолдан суарғандықтан жарап тұрған жер иə қолдан суарса жарағандай жерлер, қазақ пайдасына сол жердегі мұжыққа анте мөлшерменен қалынады, бұл ретте қазақтың жалға бермей, өз еңбегі сіңген жерлердің бəрі де ықтималынша қазаққа қалатұғын жер есебіне кіруге керек; д) адам қойылып келе жатқан зираттар, халық қадірлейтін молалар, низам жолымен салынған мешіттер, танбие: шаруа керегіне я өздері тұруға қазақтың уақытша салған қора-қопсы, үйлері тұрған жерлерді алуға бұл уақытша салған нəрсе тоқтау болмайды.

11-пункт: мұжық поселкалары сусыз я суға мұқтаж болған жерлерде, яки мұжық жерлерімен қазақ жерлері аралас, аттамалы (через полст) болатұғын орындарда, жоғарыда 10-шы анте а, б, в харіптерінің тұсында айтылған жерлердің бəрі де қазақ пайдасынан алынады. Бірақ ондай жерді алғанда, сол болыстағы жерден, болмаса өзге болыстағы жерден жері алынатұғын қазақтарға, өз жерінде егіндік, пішендік жер алып бергеннен кейін һəм а, б, в харіптерінің тұсында айтылған еңбегіменен істелген нəрселерінің бағасын төлегеннен кейін алу тиіс.

12-пункт: қазақтың егін еккен я егін егейін деп даярлаған жері патшалыққа алынатұғын болса, ол жерлер егінін жеп алғанша бұрынғы иесінің қолында бола тұрады.

13-пункт: жерінен көшпекші ............................. қазақтарға …….………… оғайри 10-шы анте а, б, в харіптерінің тұсында айтылған жерлерін алғандықтан көрген зарары үшін, осы насихат бұйрықтың 14-16-шы пункттерінде айтылған жол бойынша, көшіруден бұрын ақша төлеу тиіс.

14-пункт: көшірмекшіболғанмүліктерді, алынбақшыболған жерлерді, су үшін жасалған нəрселерді, еккен ағаш, егіндерін жер жұмысының чиновниктері (производитель работ) қағидаға тіркейді. Ол қағидаға жазылады: а) үй иесінің есімі; б) жерінің түрі, ұста салған мүлкі, еккен ағаштарыменен; в) үй иесі, білім иесі адамдар, қазақтың жер жұмысының чиновнигі – бəрі қосылып, мүлікті жаңадан анте қонысқа көшіруге шығатын расходы; г) бұзу расходы, қайтадан орнату расходы, сынатын, бүлінетін шығындарыменен; е) су үшін қазылған арықтардың, байлаған тоғандардың (бөгеттердің), егіп шығарған ағаштар оғайри егумен шыққан жер түгінің бағалары. Бұл қағидаға басында болған мүлік иесі, жер жұмысының чиновнигі, басында болған қазақтың білімді адамдары қол қояды.

15-пункт: бұл тіркеу қағида, алынатын жердің жігін ашқан планымен, мүлік иелерінің сұраған хақысы шығыныменен – бəрі мезгілгі (временная) комиссияға түсіп, сонда переселенческий правиланың 145-149-шы статьяларының жолымен қаралады. Егер жер жұмысының чиновнигі тіркеген мүліктің кескен бағасының дұрыстығын анықтау қажет болса, мүліктің басына барып, қайтадан қағидаға тіркеп, қайтадан бағалайды.

16-пункт: мезгілгі комиссияның кескен бағасына риза болмаған мүлік иелері областной правлениенің общий присутствиесіне арыз етеді, оның айтқан хүкімі – бітім.

17-пункт: жер жұмысының чиновнигі жері алынатын қазақтарға үй басына бір адамнан шақырып, волостной управитель һəм ауылнай старшинаның алдындажер алатынжобасын айтып естіртеді. Естірткеніне протокол жасалады, оған шақырылған қазақтардың, лауазым иесі адамдардың, шенеуніктің қолдары қойылады, протоколға жазылады: а) шенеуніктің істемекші болған планы; б) оның планы турасында қазақтар айтып, чиновник қабылдаған, қабылдамаған арыздары; в) қазақтың қабылданған арызы бойынша түзетіліп шыққан жердің планы, граница жүретін жерлерін қалдырмай, түгел тіркеледі.

18-пункт: мұжықтарға алатұғын я патшалық запасқа шығаратын жерлер планы переселенческий правиланың (свод закон, том ІХ.) 146-541-ші статьяларыныңжолымен қаралып, бекіледі. Мұны қарайтын мезгілгі комиссияның ішінде, жері кететін волостной сиезбен сайланған дауыс иесі бір өкіл болады.

19-пункт: қазыналық жерге салынған қалалар қазақтарменен суды қалай пайдалану ретін переселенческий правиланың 145-149-шы статьяларының жолы бойынша мезгілгі комиссия айырады. Комиссияның хүкімдері болмаған жағы областной правлениенің общий присутствиесіне арыз етеді.

20-пункт: отырып қала ретінде боламыз деген қазақтарға жер бөліп беретұғын партиялар қазақ пайдасында қалатын жерден (5-ші һəм 9-шы пункттерде айтылған) оған мұжықтармен теңгеріп, ан басына 15 десятинадан асырмай жер кесіп береді. Олардың хүкімет билеу турасындағы һəм сот реті общий крестьянский положенияның 47-112 һəм 154-229-шы статьяларының жолыменен болады. Бұлайша орын алған қазақтарды казенной палата үй алымынан шығарып, оброк алымына түсіреді, оған мұжықтармен қатар алым салып, сол казенной палатаның билігінде, областной правление қала ретіне шыққан қазақтардың хабарын жеткізгеннен кейін, оларды қазақ есебінен шығарып, мұжық есебіне жазу.

21-пункт: қала ретінде боламыз деп бүтін ауылнай обществаның бəрі иə бір шамасы ғана, иə жалғыз үй иесі сұраса да, аз-көбіне қарамай, 20-шы пункте айтылған ретінше орнасады. Обществаның бөлек үй болып, мұжықтардың қаласына кірісіп я өз алдына басқа қала болып.

22-пункт: жер үлесін ан сыбағасыменен алғандықтан (20- 21-ші пункттердегі) артылып қалып, патшалыққа кететұғын жерлер қазақты тегіс орындастырып, жер ретін əбден түзегенге шейін жерлес үйлердің, ауылдардың пайдасында болады.

(1913 ж.)