ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Жазу мәселесі

Ғ.Мұса мырзаның сөзіне түгел жауап қайырмай, жалғыз-ақ аяғында- ғы пікірінен қорытып шығарған менен артық жері турасында сөйлеймін. Әуелі екеуіміздің айырылатын жеріміз: Ол «у» орнына «و«ды алды да, «о» үшін «ۇ«ды лайық, яки басқа бір белгі жасалық, мысалы, «و«дың құйрығын қайырып қоялық дейді. Мен «у» орнына «ؤ ««аламын, «о» орнына «و «ды аламын.

Менің олай еткенім: «о» дыбысы қазақ сөзінде анық толық дыбыс, ноғай тілінде біздің «о» дыбысы келетін жерлерімізге толық «у» келеді. Мысалы: біз «от» дейміз, ноғайлар «ут» дейді. Біздер «тоқ» дейміз, олар «туқ» дейді. Бұл сөздерді осылай жазсақ, біз өзімізше «о» айтып оқуымызға кемшілігі жоқ, ноғайлар өзінше «у» етіп оқуына кемшілігі жоқ. «У» біздің қазақ сөзінде қысқа айтылады: біздің «у» дыбысымыз келетін жерде ноғайларда да қысқа «у» келеді. Мысалы: «тұр», «жүр» ноғайлардың «Ақ йол» журналында қарасаңыз «و «һәм «ۇ «әріптерін нақ бізше жазып отыр. Ол бірімізден біріміз көріп алып отырған емес, екеуімізді бір жерден шығарып отырған түрік тілінің табиғаты. Қысқасы, «о» орнына «و «алып, «у» орнына «ۇ «алғаннан қазақ тіліне келер кемшілік жоқ. Қайта ноғаймен ереуіл келмеске пайдасы бар. Ереуіл келмеске ықтималы бар жерде ереуіл келу де қажет жоқ.

Бұл «ۇ «дың Ғ.Мұса мырзаға ұнамайтын жері: «و «үстіне «үтір» қойып жату қиын дейді. Осыны онша дәлелді сөз емес деймін. Өйткені орыс сөздері үшін «و «үстіне үш нүкте қойып «ۋ «қылып жазуды қиынсынбағанда, қазақ сөзіне дсгендс «و «үстіне бір үтір қою қанша қинар екен. Керек болған соң «ج«ді «چ «айтуды, «ز «ді, «ژ «айтуды, «ك «ні «ڭ «айтуды қиынсынбаған жол бар емес пе? Солардан бұл қанша қиын? Қанша ерсі?

2-нші қайырылатын жеріміз: «ы» дыбысының қарпі сөздің басында, ортасында қалмай жазылсын дейді. Мен «ы» дыбысының қарпі «ى « болсын да, ол сөздің аяғында қалмай жазылсын, басқа орындарда ол жазылмағанда сөздің мағынасы бұзылып, кемшілік келерлік болса, жазылсын деп едім. Оқуға кемшілік болмаса, сөздің мағынасына кемшілік келмесе, жазуға жеңілдігі болса «ы» дыбысынын хәрпін жазбағанда не залал көреміз деген ойым еді. Мысалы: « » («қысымшылық»), « » («еркіншілік») қаріптерін түгел жазсақ бұлай жазылмақшы: « » («қысымшылық»), « » («еркіншілік»). Осы сөздер- ді «ڍ «сіз жақсы да, мағынасы бұзылмайтын болған соң «ڍ «ді жазба- сақ та болмай ма?» деген едім. Мысалы, « » («қысым-шылық»), « » («еркіншілік») деп жазсақ, кемшілік болар ма?

3-нші айрылатын жеріміз: мен «э» дыбысына «ڍ») «и»)лерді аламын, Ғ.Мұса мырза «ى «лерді алайық дейді. Мен «ڍ») «и») лер сөздің бас буынында жазылсын, басқа буындарында «ه» ,«ھ «жазылсын деймін. Ғ.Мұса мырза сөздің аяғынан басқа жердің бәрінде «ى») «і») жазылсын, аяғында ғана «ه» ,«ھ «жазылсын дейді. Меніңше, мысалы: «اڍسھك) «есек), ,(кілегей» (كیلھگھي» ,(кедей» (كھدهي» ,(керек» (كيرهك» ,(кесек» (كیسھك» «چۇرهگھي) «шүрегей) деп жазбақшымыз, оныңша: «اڍسك) «есек), «كیسك « «چۇریگیی» ,(кілегей» (كیلیگیی» ,(кедей» (كیدیي» ,(керек» (كيریك» ,(кесек( (шүрегей).

Оның «ڍ» «и» лерден гөрі «ی «лерді артық көретіні нүкте қойып жатудан нүкте қоймау жеңіл дейді. Нүкте қоймаудан, қоймай жазудың жұмысы аз болғанмен оның жаттығы мол емес не? Жетек, шелек, есек деп жазсақ, бұрынғы есек, шелек, житек деп жүрген күйінде оқу; жітік, шілік, ісік деп жазсақ, житек, шелек, есек мағынасында оқымай, жітікшілік, ісік мағынасында оқылары ықтимал. Мен қаріптерді өзгерткенде халық жатсынбай, хат білетін адамдар үйретпей-ақ оқып кетерлік болғандай ғып өзгерттім. Бұрынғы «ڍ «лерді оқып жүргенде «ڍ «лерді де оқып кетеді, бұрынғы «و-«ды оқып жүргендер «ۇ-«ды да оқып кетеді. «ی « лерді үйретпей «э, ی-«ды оқып кетер деп айта алмаймын.

Мен бұл «ی «белгілерін былтыр әліппе жазып жүргенде «э» емес, «ы» орнына алмақшы болып бір ұйғарып, тағы да ол ойдан қайтып едім. Қайтқаным оны қойсақ та, қоймасақ та оқуы бір ғой, қойып не қыламыз деген едім. Мысалы: мысық, арық, арыс деген сөздерді мысық, арық, арыс деп жазсақ, екеуінде оқушылар бірдей оқиды ғой деп «ی») «і»)лерді алмай тастап едім. Түбінде бұл белгілер алынатын болса, «э» дыбысына емес, «ы» дыбысына алуға лайық. Өйткені «ы» орнына алсақ, жұртқа үйретусіз қабылдануы ықтимал.