ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Қанатты сөздер

Өнердің ең алды сөз өнері деп саналады. «Өнер алды қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан


* * *

Біз мәдениетті, өнерлі болуға талпынсақ, мақсатқа сонда жетеміз, сонда дайын нәрсеге қызығатұн болмай, барды ұқсатып, жоқты табатұн боламыз


* * *

Қазақтың жастары жалаң сөзбен ғана болмай шеберлікті, іскерлікті көздеу керек


* * *

Біреудің істегенін дұрыс, бұрысын тексерместен істеу тек еліктеу болады; Тек еліктеуді маймылша еліктеу деп атайды


* * *

Жақсы әлібби тілге шақ болу керек. Өлшенбей тігілген о жер бұ жер бойға жуыспай, қолбырап, солбырап тұрған кең киім сияқты артық әріптері көп әлібби де қолайсыз


* * *

Енді шын атымызды айдай әлемге дұрыс әйгілеу біздің де міндетіміз шығар деп ұғынсақ, осы жолмен қазақтың басы түгел қосылып отырған мынау Ақмешіттегі ұлы тойдың қалдыратын бір ізі «жалшы, малшы қырғыз емес, қазақ» деуі керек


* * *