ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Қанатты сөздер

Тәннің күшті болуы да, елдің күшті болуы да – екеуі де тәрбиемен. Тәрбиесіз тән қандай азса, тәрбиесіз ел де сондай азбақ


* * *

Газет қызметі – халыққа бас, көз, құлақ, тіл болып ұлтының ар-абыройын күзетіп, жұртын жақсылыққа бастау, жаманшылықтан сақтандыру


* * *

Бұл күнде аянбай жатып қалған жұрт, кетіп бара жатқан жұрттардың аяғының астыда қалмақ. Қазақ халқы болып жасаймын десе, ілгері ұмтылып талпынатын кезі осы


* * *

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һəм сондай болмақшы


* * *

Елу-алпыс балаға ғана арнап берген сабақтан алты міллійон қазақты алаламай істеп отырған ісімді артығырақ көремін


* * *

Қазіргі қазақ мәселелерінің ең зоры – жер мәселесі. Бұл – қазақтың тірі иа өлі болу мәселесі


* * *