ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Қанатты сөздер

...Қазіргі уақытта кез келген адам өзін коммунист деп атайды. Оларға үңіліп қарамайынша, кереметтің күшімен бəрі коммунистерге айналған екен деп ойлайсың. Бірақ керемет тек ертегілерде болады, ал шын дүниеде ондай болмайды


* * *

Қазаққа қатысты барлық қиындық кешегі қазақтардың өзін езушілерге сенім білдіре алмайтынында, ал кеңес үкіметі тиісінше, кешегі қарсыластарына əлі де сенім білдіре алмай отыр


* * *

Мəселе мынада: қазақтар арасында халқы толық сенетін жəне жаза болып жаңылса да жеке басының игіліктері мен пайдасын көздеп, өз халқын ешқашанда саналы түрде сатып кетпейтін зиялылардың белгілі бір бөлігі бар


* * *

Өздерін интернационалист-коммунистер деп атаумен ғана орыстар патша үкіметінің айла-шарғылы саясатымен ғасырлар бойы таныс орыс емес ұлттардың сенімін оята алмайды


* * *

Ұлттық езгі ұлттық сезім туғызбай тұра алмайды


* * *

Қандай болмасын тілде дұрыс оқып, жазу үшін алдымен осы тілдің ережелерін білу қажет, ал тілдің ережелері осы тілдің өзінен, оның қасиеттері мен заңдылықтарынан келіп шығады. Қазақ тілі жеткілікті түрде танылып, зерттелген жоқ


* * *