ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Қанатты сөздер

Әдеби еңбекті ешкім мақтаныш үшін жазбайды, ол мінезден туады


* * *

Біздің коммунистер Мәскеу коммунистері секілді жартыкеш емес, нағыз «96 пробалы»


* * *

Тіл – тіршілік құралы. Тіл үйрету (оқу, жазу, сөйлеу, үйренту мағынада) сол тіршілік құралын жұмсауды үйрету. Олай болса, тіл үйрету өнері тұрмыс өнері болмақ. Тұрмыс өнері өзінің тұрмыстағы байласқан нәрсесінің түріне қарай тұрмыспен бірге өзгермек


* * *

Сауаттану – мылқауға тіл, саңырауға құлақ, соқырға көз бітіргенмен бірдей нәрсе. Баяғыдан бері адам баласы жиған білім қазынасының есігі оқу арқылы, сауаттану арқылы ашылады


* * *

Үйрету өнер болған соң ана тілін үйрету бұл да өнер. Олай болса, басқа өнерлерде болған сындар мұнда да болмақ


* * *

Үйрету деген – өнер. Өнердің шені-шегіне ешкім жете алмайды. Өнер артыла береді, жетіле береді. Оны осы күнгі өнерлі жұрттардың істері көрсетіп отыр


* * *