ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

    ...Орынборда шығатын Қа­зақ газетасын үзбей оқып тұра­тын едім. Бір күні газетада мынадай хабарды (мақаланы) оқы­дым. Мақалада: Қазақ рабочий партияларының майданға қара жұмысқа кетіп жатқанын, сол қазақ рабочийлардың бір бөлігін земгор (Земский городской союз) деген ұйымының өз қарауына алатынын, ал сол қазақ рабочийларға басшылық еткендей, переводчик болғандай қазақ жастарын сол ұйымның қызметке шақыратынын айтқан. Жұмыс жағдайы қолайлы, жалақысы жақсы делінген. Сол жұмысқа оқыған жастар, көзі ашық азаматтар баруы керек екені айтылған. Сол газеттегі мақаланы оқумен Ахмет Байтұрсыновқа бардым. Ахмет Байтұрсынов жай-жағдайын толық түсіндірді. Ел азаматы қалмай майданға жіберіліп жатқан уақытта көзі ашық оқыған жігіттеріміздің шетте қалуы жөн емес. Көппен бірге болу керек, жұмысқа бару керек деп, менің ұлтшылдық сезімімді жаман қыздырды. Өзіммен бірге оқыған Хайретдин Болғанбаев деген бір жігіт сол Орынборда екен. Ахмет маған оның сол жұмысқа жазылып кеткенін, қазақшыл Хасенғали дейтін бір татар бар еді. Оның да кеткенін маған айтты. Сен де бар солардан қалма деді. Мәскеуде шығып тұрған Сөз газетасы бар, соның редакторы Гаяз Смақов деген бар, соған хат жазып қолыңа беремін. Қазір Әлихан Бөкейханов та Мәскеуде, оның адресін беремін, Мәскеуге баруыңмен Болғанбаев жолдасыңды, қазақшыл Хасен­ғалиды тауып аласың, солармен бірге қазақ рабочийлардың ішінде бірге жұмыс қыласыздар деді. Қысқасы, мен земгорға қазақ рабо­чийлардың арасында жұмыс ету үшін баратын болдым...

    Сафиев Т. 1916 жыл оқиғасы // DANAkaz. – 2015. – №5 (19) Жинақтаған: С.Жұмағұл, ф.ғ.д., профессор

    ...В сопровождении группы охраны мы вместе с казахским дея­телем Ахметом Байтурсуном и некоторыми другими башкирскими и казахскими интеллигентами отправились в путь через город Саратов. Ранним утром 30 июня на границе Букеевской орды, около Бутакула, нас должен ждать казах с двумя оседланными лошадьми на поводу. Утром, заметив издали поджидающего нас всадника, мы остановили поезд. Я роптал взять с собой лишь некоторые свои труды и записи. Все это и ружье мы приторочили к седлу...

    ...Я, как и мои друзья, был в красноармейской форме. До самого расставания солдат охраны я в свои планы не посвящал. Попрощались. Ни я, ни Ахмет Байтурсун, ни солдаты охраны не сдержали слез. Подумалось, что вероятнее всего родину я больше никогда не увижу и если не добьемся успеха, эмиграция станет неизбежностью...

    Заки Валиди Тоган. Воспоминания: Книга 2. – Уфа: Башкирское издательство Китап, 1998 г. Жинақтаған: С.Жұмағұл, ф.ғ.д., профессор

    ...Ахаң майшаммен отырып, түн ортасына дейін жұмыс істейтін... Көп отырып шаршаған кезде Ахаң домбырасын қолға алып, ән айтқанды жақсы көретін. Күйлерді де көп тартатын. Ұлттық музыканы ғана емес, операны да жақсы көретін. Ахаң мені Падрес апамен бірге бірнеше рет операға да апарды....

    Самырат Кәкішев. Үйімізге келген кісі ертесіне түрмеден бір-ақ шығатын... Жинақтаған: С.Жұмағұл, ф.ғ.д., профессор

    ...Басқа да қоғамдық қызметтері жеткілікті бола тұра, өлең жазуға, ән шығаруға, домбыра, скрипка, пианино секілді саз аспаптарында ойнауға да уақыт табатын. Ол тіпті әжептәуір фотоәуесқой да болатын. Бөлмені қараңғылап алып сурет шығарғанда қасына мені отырғызып қоюшы еді...

    Шолпан Байсалова. Әжептәуір фотоәуесқой да болатын. Жинақтаған: С.Жұмағұл, ф.ғ.д., профессор