ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі беріледі

Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі беріледі

блыстық мәслихаттың кезектен тыс шақырылған жетінші сессиясында Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы ұсыныс мақұлданды. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың айтуынша, әуежайға ұлт ұстазының есімі берілді деуге әлі ертерек. Өйткені бұл мәселе алдағы уақытта республикалық ономастикалық комиссия отырысында қаралатын болады.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, нысандарға кісі есімін беру мәселесін бірінші кезекте ұжымның өзі шешеді. Біз ол кезеңнен өттік. Яғни, әуежай ұжымы өздері бастама көтеріп, талқылап, оң шешім қабылдады. Тәртіп бойынша, екінші кезеңде бұл мәселе облыстық мәслихат депутаттарының қарауына енгізілуі керек. Бүгінгі сессияға қатысқан 128 адам әуежай ұжымының ұсынысын бірауыздан қолдап дауыс берді. Қазір республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберілетін құжаттар әзірленіп жатыр», деді басқарма басшысы.

Дереккөз: https://egemen.kz/article/306626-qostanay-auedgayy...