Мемлекеттік кеңесші Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Экспресс К Ақордаға сілтеме жасап.
Жиында жыл басынан бері мерейтойды өткізу аясында бірқатар маңызды ғылыми-зерттеу, ағартушылық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілгені айтылды.
Ерлан Қарин Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттауға бағытталған халықаралық, республикалық, өңірлік іс-шараларды жыл соңына дейін жоғары деңгейде өткізу қажеттігін атап өтті.
Алматыда ғалымға ескерткіш орнату жоспарланған. Оның 12 томдық толық шығармалар жинағы басылымға дайындалып жатыр.
Оқи отырыңыз:
ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде және ТҮРКСОЙ аясында іс-шаралар өткізу көзделген. ТҮРКСОЙ ұйымы жыл сайын көрнекті түркітанушы ғалымдарға берілетін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгі тағайындау туралы шешім қабылдады.
Дереккөз: https://exk.kz/kk/news/136182/almatyda-akhmiet-bai...